2014 жылға Қызылорда қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес 2014 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын. 2. «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды жолдауды қамтамасыз етсін. 3. «2013 жылға Қызылорда қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастару туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 06 наурыздағы № 22 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4423 нөмірімен тіркелген, «Ақмешіт апталығы» газетінде 2013 жылғы 04 сәуірдегі № 14 (980), «Кызылорда Таймс» газетінде 2013 жылғы 05 сәуірдегі № 14 (1167) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Рүстемовке жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2014 жылғы 17 қаңтардағы № 1513 қаулысына қосымша
2014 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|