ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 603 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген
«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicensc.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікті беру кезінде -15 (он бес) жұмыс күні ішінде; куәліктің телнұсқасын беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты -15 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|