Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті өзеніндегі Көкпекті су қоймасы бөгенінің жарылуы салдарынан болған топтық жазатайым оқиға себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссияны құру туралы
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті өзеніндегі Көкпекті су қоймасы бөгенінің 2014 жылғы 31 наурызда жарылуы салдарынан болған топтық жазатайым оқиға себептерін тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті өзеніндегі Көкпекті су қоймасы бөгенінің жарылуы салдарынан болған топтық жазатайым оқиға себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Комиссия жұмысқа дереу кіріссін, топтық жазатайым оқиға себептері мен жағдайларының жан-жақты тексерілуін қамтамасыз етсін, келтірілген залал көлемін айқындасын, зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Комиссия жетекшісі: 1) бір ай мерзімде топтық жазатайым оқиға себептерін тексеру нәтижелері және зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын; 2) қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін Комиссия жұмысына тартсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|