Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы (2013.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1381 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1381 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 550 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекiтiлген
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару
Осы Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды.
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер; 2) әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек - есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомалары; 3) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесi - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi; 4) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам; 5) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрi - Орталық) - өңiрлерде құрылымдық бөлiмшелерi бар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын; 6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер жүргiзетiн заңды тұлға; 7) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (Ережеге қатысты) - өздерiне табыс әкелетiн жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететiн дара кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат. Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтарына қатысты өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар деп дара кәсiпкерлер - қожалық басшысы, сондай-ақ кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерi танылады.
2. Әлеуметтік аударымдарды есептеу тәртiбi
2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшiн төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi. Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады. Қызметкерге күнтізбелік айда есептелген табыстың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болған жағдайда, әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсi ең төменгі жалақы мөлшеріне қарай айқындалады. 3. Жұмыс берушi үшiн орындаған жұмыстары, көрсеткен қызметтерi үшiн қызметкерге табыс түрiнде төленетiн оның шығыстары әлеуметтiк аударымдардың есептеу объектiсi болып табылады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың алған табысы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады. 4. Жұмыс берушiнiң қызметкерге табыс түрiнде төлейтін шығыстарын есептеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде (бұдан әрi - Салық кодексi) көзделген тәртiппен жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарына әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік органдардың және iшкi iстер органдарының, қаржы полициясы органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң ақшалай үлесiн қоса отырып жүргiзiледi. Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың шығыстарына материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде алынған табысты қоса алғанда, қызметкерге ақшалай немесе заттай нысанда төленетін табыстар жатады. Арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде бір айдың ішінде алуға тиіс (алынған) табыстарынан тұратын жиынтық табысы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады. Бұл ретте ай сайынғы табыс әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес және ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады. Арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн қолданылатын табыс мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. 5. Қорға әлеуметтік аударымдар Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 12) тармақшаларында және 156-бабы 1-тармағының 12), 18), 24), 30), 32) тармақшаларында және 357-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген табыстардан төленбейді. 6. Міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн Қорға төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимi қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдарының мөлшерi - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының кемінде 5 пайызын құрайды. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін әлеуметтік аударымдардың ең жоғары мөлшері есепті кезең үшін есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кетпеуі тиіс.
3. Әлеуметтік аударымдарды аудару тәртiбi мен мерзiмi
7. Төлеушiлер Қорға әлеуметтiк аударымдарды Орталық арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктiрмей, олар үшiн әлеуметтік аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қоса беріп, өздерiнiң банк шоттарынан қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен төлейдi. Төлеушiлердiң банкке әлеуметтiк аударымдарды қолма-қол ақша нысанында енгiзуi Қазақстан Республикасының ақша төлемі және аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады. Төлеушілер құрылымдық бөлiмшелер үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді құрылымдық бөлiмшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді. 8. Әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН); тегiн, атын, әкесiнiң атын; туған күнін; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн кезеңді (жыл, ай, айлар) қамтуы тиiс. Төлеушілер әлеуметтік аударымдар төленетін кезеңді қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында «Төлемнің мақсаты» деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында форматта көзделген жеке «ААЖЖЖЖ» деген жолда көрсетіледі. 9. Орталық әлеуметтiк аударымдарды есепке алуды олар үшiн әлеуметтік аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ЖСН базасында жүзеге асырады. 10. Банктердiң Орталыққа ақшаны аударуы олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады. Төлеушiнiң банкi әлеуметтiк төлемдердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы аударған жағдайда төлеушi банкке қағаз жеткiзгiштегi төлем тапсырмасының төртiншi данасын қосымша ұсынады, оны төлеушiнiң банкi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) филиалдарына жібередi. 11. Төлеушілер берешектi аударуды олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен кезең (жыл, ай, айлар) үшін жүргізедi. 12. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдар сомаларын Орталықтың шотына осы сомалар төлеушiнiң банктік шотынан есептен шығарылған күнi аударады. 13. Орталықтың шотына түскен әлеуметтік аударымдар сомалары үш банктік күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады. Орталық: 1) ЖСН-і жоқ; 2) ЖСН-де тегі, аты және әкесінің аты сәйкес келмеген жағдайда; 3) Орталықтан зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын; 4) әлеуметтік аударымдар сомасы бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен артық төленген, сондай-ақ деректемелерінде қателер бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүргізеді. 14. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде салық органдары төлеушiге мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн салық органына ұсыну туралы хабарламаны осы Ереженің 8-тармағына сәйкес жолдайды. Бұл ретте егер әлеуметтік аударымдар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын жағдайда, хабарлама жіберілмейді. Хабарлама нысанын бюджетке салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлетті орган белгілейді. Төлеушілер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады. 15. Салық органы төлеушiлерден мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн алған кезде әлеуметтiк төлемдер бойынша қалыптасқан берешектi кейiннен Қорға аудару үшiн көрсетiлген тiзiмдердi қоса беріп, төлеушiлердiң банктiк шоттарына инкассалық өкiмдер бередi. Төлеушiнiң банктiк шоттарында ұлттық валютадағы ақша болмаған жағдайда, мiндеттi әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi өндiрiп алу салық органдары ұлттық валютада берген инкассалық өкiмдер негiзiнде төлеушiнiң банктiк шоттарынан шетелдiк валютада жүргiзiледi. 16. Төлеушi оларға әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мерзiмде ұсынбаған жағдайда, салық органдарының өкiмi бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар төлеушiлердiң банктiк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аударуға қатысты нұсқауларды орындауға мiндеттi. Салық органының банктiк шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру өкiмiнiң күшiн шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банктiк шоттар бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұру себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жояды. 17. Төлеушiнiң банктiк шоттары болмаған немесе төлеушiнiң банктiк шоттарындағы ақша жеткiлiксiз болған жағдайда салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады. 18. Төлеушi әлеуметтік аударымдарды Қорға уақтылы төлемегенi үшiн өсiмпұл сомасын төлеу үшiн «төлем мақсаты» деген жолда - «кезең (жыл, ай, айлар) үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы төлемегенi үшін өсiмпұл» деп көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады. 19. Төлеушілер уақтылы төлемеген өсімпұл кезең үшін (жыл, ай, айлар) MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен төленедi. 20. Орталық өсiмпұл сомасы түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде ақшаны Қордың шотына MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады. 21. Төлеушiнің Қорға артық (қате) аударылған әлеуметтiк аударымдарын және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банктің кiнәсiнен артық (шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлейтін банктiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi. 1) төлеушi немесе төлеушiнiң банкi бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмалары негiзiнде екi немесе одан да көп рет төлеген; 2) MT-102 төлем тапсырмасы форматында, оның тiзiмдік бөлiгiндегi міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың әлеуметтік аударымдар сомаларында қателер жiберiлген: алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған кiрiске артық есептелген; Орталықтан зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген; міндетті әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұл болып табылмайтын қаражат Қордың шотына қате аударылған; 3) МТ-102 төлем тапсырмасы форматындағы, оның тізімдік бөлігіндегі төлем кезеңінде қате жіберілген; 4) төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген; 5) жеке тұлғалар артық (қате) аударған әлеуметтiк аударымдар және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомалары қайтаруға жатады. 23. Қатысушының табысына салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу жолымен дербес түзейдi. Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу өтіліне есепке алынған кезеңге есептелген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.
4. Әлеуметтік аударымдарды қайтару тәртібі
24. Қорға аударылған, төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлды қайтаруға өтінiштi төлеушi (төлеушінің банкi) Орталықтың құрылымдық (аудандық/қалалық) бөлiмшесiне бередi; олар үшін әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате кеткен жағдайда өтiнiшке осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледi; мiндеттi әлеуметтік аударымдар төлеудi қолма-қол ақшамен жүзеге асыратын төлеушiлер анықтама-растамаға әлеуметтiк аударымдарды төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесiн қоса бередi; Орталық үш банктік күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi, өтiнiш осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса беріп, Қорға жiберіледi; Қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн, MT-100 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн ақшаны Қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап Орталықтың банктік шотына жеті банктік күн iшiнде аударуды жүзеге асырады. Қор төлеушiнiң банктiк деректемелерiн, қатысушылардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып төлеушілердiң тiзілiмi мен олар бойынша қайтару сомаларын сол күнi Орталыққа жiбередi. Қор себебiн көрсете отырып, қайтаруға жатпайтын сома бойынша бас тарту туралы шешiмдi Орталыққа жiбередi; Орталық Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық есептелген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын үш банктiк күн iшiнде төлеушiге аударады; төлеушi әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Орталықтың бөлiмшелерi арқылы алады; Орталық қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған соманы есептен шығарады; Орталық артық есептелген соманы қайтарғаннан кейiн шешiмнiң орындалғаны туралы Қорды осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабардар етедi; Орталық пен Қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдарды және өсiмпұлды, сондай-ақ Қордан аударылған қайтарымдарды салыстырып тексеру жүргiзіледi. 25. Төлеушiге қызмет көрсететiн банк электрондық төлем тапсырмаларын ресiмдеу кезінде қате жiберген жағдайда, банк «Ақша төлемі және аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жiберілген қателердi түзету жөнiнде шаралар қабылдайды. 26. Қор келіп түскен және қайтарылған артық төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есепке алуды жүргiзедi. 27. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша салық органына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есептер ұсынады. 28. Орталық күн сайын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша, өткен күн үшiн келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл тiзiлiмдерiн ұсынады. 29. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар туралы, оның iшiнде электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi. Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде Қорға әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледi.
есептеу және аудару ережесіне 1-қосымша
«Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының басшысы ____________________________
Өтiнiш
________________________________________________________________________________________________________ (әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлды төлеушiнiң немесе төлеушi банктiң атауы) «___» _______________ № _________________________ төлем тапсырмасымен _____________________________________________________________________________________________________ атына (мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың Т.А.Ә., ЖСН көрсетiлсiн) қате (артық) аударылған әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын қайтаруыңызды сұраймын, референс, жалпы сомасы _________________________________________________, қайтару сомасы _________________________________________________________________________________________ Кейiннен төлемдермен түзету енгізу ________________________________________________________________________ (қайтарым талап етілетін себеп көрсетілсін, мысалы, қызметкер жұмыстан босатылған, банк қате жіберген және т.б.) салдарынан мүмкін емес. Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз: ______________________________________________________________________________________________________ (кәсiпорынның толық деректерi, барлық банктік деректемелерi көрсетiледi) Қосымшалар: төлем тапсырмасының көшiрмесi, сомалары мен деректемелерiнде қате жiберілген мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар тiзiмiнің көшiрмесi. Қажет болған жағдайда: міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметі тоқтатылғанын растайтын жұмыстан босату туралы бұйрықтың немесе құжаттың көшiрмесi, зейнеткерлік жасқа толған адамдар үшін зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі, ішкі істер органдары қызметкерлері, әскери қызметшілер және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар және басқа да адамдар үшін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау туралы анықтама және зейнетақы куәлігінің көшірмесі, өтініште және төлеушінің қаржылық құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда - қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам өтініш берген жағдайда - Орталық бөлімшесі куәландырған дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
Қолдары:
Басшы
Бас бухгалтер
M.O.
_____________ Ескертпе. өтініш бланкіде толтырылып, мөртаңбамен расталады (факсимилемен қол қоюға жол берілмейді)
есептеу және аудару ережесіне 2-қосымша
Анықтама-растама
Мөр орны
есептеу және аудару ережесіне 3-қосымша
«Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ басшысы ___________________________
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК мынадай төлеушілер бойынша 20__ жылғы «___» ____________ № ____ өкімге сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-тан түскен қате аударылған міндетті әлеуметтік аударымдар сомаларын қайтару туралы хабардар етеді:
Басшы _______________ Т.А.Ә. (қолы)
|