Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген агроөнеркәсіптік кешен бойынша көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.04.08. № 11-2/721 бұйрығымен күші жойылды
2013 жылғы 4 наурыздағы № 20-20/004-527 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Е.Т. Орынбаев бекіткен Мемлекеттік жоспарлау жүйесін мемлекеттік статистикамен үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген агроөнеркәсіптік кешен бойынша көрсеткіштерді есептеу әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет - ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы А.Қ. Евниевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 1-2/146 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген агроөнеркәсіптік кешені бойынша көрсеткіштерді есептеу әдістемесі
1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енгізілген агроөнеркәсіптік кешені бойынша көрсеткіштерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) нормативтік құқықтық акт болып табылмайды және 2013 жылғы 4 наурыздағы № 20-20/004- 527 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Е.Т. Орынбаев бекіткен Мемлекеттік жоспарлау жүйесін мемлекеттік статистикамен үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі жол картасының негізінде әзірленген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|