Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы (2013.27.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 3 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 754 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерде: 8-3-2-тармағының екінші бөлігінде: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.»; 5) тармақша алып тасталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|