Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
Осы редакция 2014 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) авария - ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың қирауы, бақылауға болмайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарындысы; 2) инцидент - қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың жұмыс істемей қалуы немесе бүлінуі, технологиялық процестердің режимнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы; 3) қауіпті өндірістік фактор - қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын, үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіретін физикалық құбылыс; 4) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі - қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіге меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында не кез келген басқа да заңды негізде иелік ететін жеке және (немесе) заңды тұлға; 5) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактор келтірген зиянды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген өтеу міндеті; 6) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға; 7) сақтандыру жағдайы - оның басталуына орай қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға; 8) сақтандыру сомасы - міндетті сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы; 9) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушының объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы; 10) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасының шегінде төлейтін ақша сомасы; 11) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға; 12) сақтандырылушы - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға; 13) сақтанушы - сақтандырушымен қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылушы болып табылады; 14) уәкілетті орган - өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 15) үшінші тұлға - өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактор зиян келтірген тұлға. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің қызметкерлері мен иелері үшінші тұлға болып табылмайды.»;
2-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары 1. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) объектiсi қауіпті өндірістік фактор өзінің үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтірген зиянды өтеудiң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объект иесiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi болып табылады.
4-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты қауіпті өндірістік фактор өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтірген үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады. 2. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi: үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауды осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қамтамасыз ету; объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз мiндеттемелерiн атқаруын қамтамасыз етуi болып табылады. ҚР 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-1-баппен толықтырылды 4-1-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi. 2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берiлмейдi. 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер 1. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларациялануға жататын объектілер қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер болып табылады. Уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы тіркелген объектілердің тізбесін өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. 2. Егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде объект үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупін тоқтатса, онда сақтанушы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторына немесе оны алмастыратын адамға өндірістік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару туралы өтінішті және объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы сараптамалық қорытындыны ұсынады. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы немесе оны алмастыратын адам сараптамалық қорытындыны қараудың негізінде өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару туралы шешім қабылдайды не одан дәлелді түрде бас тартады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару сақтанушыға объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату құқығын береді. Бұл ретте сақтандырушының сақтандыру қолданылған мерзім ішіндегі уақытқа бара-бар сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігіне құқығы бар.
6-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жататын тұлғалар 1. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жатады. 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіні объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай пайдалануға тыйым салынады. 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн еркiн сақтандыру шартын жасасуы, қауіпті объектіні уақытша пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру оларды объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттен босатпайды.
7-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндетiн қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң орындауын және олардың осы Заңда белгiленген талаптарды сақтауын мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өз құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган мен өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 8-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі 1. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес үшiншi тұлғалардың пайдасына сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiнiң иесi бiреуден көп болған кезде объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты объектiнiң барлық иелерiн сақтандырылушылар ретiнде сақтандыру полисiнде мiндеттi түрде көрсете отырып, олардың кез келген бiреуiмен жасалады. 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында, моральдық зиянды, қолдан шыққан пайданы өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеудi қоспағанда, қауіпті өндірістік фактордың үшiншi тұлғаның өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтірген зиянның зардабынан туындайтын мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi. 3. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi. Сақтандырушы сақтанушымен объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес. Сақтанушы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттенедi. 4. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады. Сақтанушының өтiнiшi объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi. 5. Сақтандыру полисi, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 826-бабында тiзбелеп көрсетiлген шарттардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершiлiгінiң шектi көлемiнiң мөлшерiн қамтуға тиiс. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисiн ресiмдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарымен белгiленедi. 6. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi. Сақтандыру полисi бланкiсiн дайындауға және оның телнұсқасын ресiмдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы (сақтандырылушы) өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы өтiнiш берген күнгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс. 7. Егер сақтандырушы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе үшiншi тұлғаның жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасаса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мiндеттеменi осы Заңда белгiленген талаптар бойынша өз мойнына алады. 9-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Егер объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушы бірінші сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімге жасалады. Объект иесі қызметін он екі айдан аз мерзімде жүзеге асырған жағдайда, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қызметті жүзеге асыру мерзіміне, бірақ кемінде алты айға жасалады. Сақтандыру қорғанышының қолданылу кезеңі объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзіміне сәйкес келеді. 3. Егер объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
10-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты: 1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған; 2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған; 3) сақтандырушы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы мөлшерiнде сақтандыру төлемiн (сақтандыру төлемдерiн) жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады. 11-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатудың тәртібі, талаптары мен салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалады. 12-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi 1. Сақтанушы: 1) сақтандырушыдан объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарын, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге; 2) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшыны тартуға; 3) сақтандыру полисi жоғалған жағдайда оның телнұсқасын алуға; 4) келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалаудың нәтижелерiмен әрi сақтандырушы және (немесе) тәуелсiз сарапшы жүргiзген сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есептерiмен танысуға; 5) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға; 6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен дау айтуға; 7) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi сақтандыру тәуекелiн азайтуға әкеп соғуы мүмкiн мән-жайлар өзгерген жағдайда (сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығы немесе ол басталған кезде болуы мүмкiн зиян мөлшерi), объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарын өзгертудi талап етуге; 8) осы Заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен сақтандыру төлемiн алуға құқылы. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа құқықтары да көзделуi мүмкiн. 2. Сақтанушы: 1) сақтандыру сыйлықақысын объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге; 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге; 2) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтандырушыға объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi және ерiктi сақтандырудың бұрынғы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдерi мен объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер туралы ақпаратты беруге; 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) үш жұмыс күнi iшiнде сақтандырушыға және құзыретiн негiзге ала отырып уәкілетті мемлекеттік органдарға мән-жайлардың өзгергенi туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелiнiң ұлғаюына әсер етуi мүмкiн болса, хабарлауға; 4) сақтанушыны және құзыретiн негiзге ала отырып мемлекеттік органдарды сақтандыру тәуекелiн едәуiр ұлғайтуы мүмкiн, қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiде жоспарланып отырған жаңғырту және (немесе) қайта бейiндеу туралы хабарлауға; 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерін болғызбау жөніндегі қажетті және мүмкін болатын шараларды қолдануға; 6) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғанда бұл туралы дереу, бiрақ үш күннен кешiктiрмей сақтандырушыға хабарлауға; 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне әсері туындаған кезде болуы мүмкiн шығындарды болдырмау немесе азайту, соның iшiнде мүлiктердi аман алып қалу және зардап шеккен адамдарға көмек көрсету жөнiнде қалыптасқан жағдайдағы ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды қолдануға; 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 8) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi аварияның, инциденттің туындау себептерi мен өзге де мән-жайларға өз бетiнше зерттеп-тексеру жүргiзу мүмкiндiгiмен сақтандырушының өкiлiн қамтамасыз етуге; 9) зақымданған мүлiктiң және бүлiну аймағының олардың сақтандыру жағдайы басталғаннан кейiнгi күйiнде сақтандырушының өкiлi қарағанға дейiн сақталуын (егер бұл қауiпсiздiк мүдделерiне қайшы келмесе немесе зиян мөлшерiне әсер етпесе) қамтамасыз етудiң мүмкiн болатын барлық шараларын қолдануға; 10) сақтандырушыға барлық қолда бар қажеттi ақпарат (қажет болған кезде - жазбаша түрде) пен сақтандыру жағдайының басталу себептерi, барысы және салдары туралы, сондай-ақ келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi туралы талқылауға мүмкiндiк беретiн құжаттарды беруге; 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 11) қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеу туралы талап немесе талап-арыз қойылғаны жөнiнде өзiне белгiлi болғанда, үш жұмыс күнi iшiнде бұл туралы сақтанушыға кез келген қолжетiмдi тәсiлмен хабарлауға; 12) келтiрiлген зиян үшiн жауапты тұлғаға қойылатын керi талап құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн. 13-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 1. Сақтандырушы: 1) объект иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәлiметтерден басқа, осы Заңға сәйкес объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн қажеттi мәлiметтердi, соның iшiнде объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi және ерiктi сақтандырудың бұрынғы шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты беруiн талап етуге; 2) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшыны тартуға; 3) тиiстi мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiн негiздей отырып, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуға; 4) үшiншi тұлғалардың зақымданған мүлкiн және бүлiну аймағын қарап тексеруге қатысуға және қарап тексеру актілеріне қол қоюға; 5) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiдегi сақтандыру тәуекелiн (сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығы немесе ол басталған кезде болуы мүмкiн зиян мөлшерi) ұлғайтуға әкеп соғуы мүмкiн мән-жайлар өзгерген жағдайда объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарын өзгертуiн талап етуге; 6) келтiрiлген зиянды өтеуге байланысты қатынастарда сақтанушының (сақтандырылушының) атынан және оның тапсырмасы бойынша өкiлдiк етуге; 7) сақтанушының (сақтандырылушының) тапсырмасы бойынша пайда алушылар ұсынатын талап-арыздарға қатысты оның атынан сотта iс жүргiзудi өзiне қабылдауға құқылы. Алайда, сақтандырушының бұл iс-әрекеттерi оның сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі өз міндетін мойындауы деп бағалануға тиiс емес; 8) зиян келтiрiлгенi үшiн жауапты тұлғаға керi талап қоюға құқылы. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн. 2. Сақтандырушы: 1) сақтанушыны (сақтандырылушыны) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен таныстыруға, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге; 2) сақтанушыға (сақтандырылушыға) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру ережесін қоса тiркеп, белгiленген мерзiмде сақтандыру полисiн беруге; 3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда көзделген тәртiппен және жағдайда сақтандыру төлемiн жүргізуге; 4) сақтандыру төлемiн төлеуден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда сақтанушыға (пайда алушыға) бас тартудың дәлелдi негiзделген себептерiн жазбаша нысанда жiберуге; 5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн. 14-бап. Үшiншi тұлғалардың құқықтары 1. Үшiншi тұлғалар: 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) |