«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде: «Дүкендерде азаматтық және қызметтік қаруды есепке алудың тәртібі» деген 15-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «15. Дүкендердегі азаматтық және қызметтік қару мен олардың патрондарын сақтау, есепке алу және сату тәртібі»; 60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «60. Азаматтық және қызметтік қару саудасына лицензиясы бар заңды тұлғалар қару мен оның патрондарын мынадай талаптарға сай келетін, арнайы жабдықталған қоймада (қару-жарақ бөлмесінде) сақтайды: 1) басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшауланған болуы, қабырғалары қалың, төбе жабыны мен едені темірбетонды болуы тиіс; арнайы жабдықталған қойманың күзетілетін аймағының периметрі болып табылатын қалың емес қабырғалар, темірбетонды емес төбе жабулар мен еден диаметрі кемінде 15 мм жұмыр болат шыбықтан немесе жиегі кемінде 14 мм төртбұрышты болат шыбықтан орындалған металл тормен қапталады. Шыбықтар 150x150 мм аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді; 2) екі есігі, бұл ретте сыртқысы - қалыңдығы кемінде 3 мм болат табақтан, ішкісі - торланған болаттан немесе болат рол-ставнядан орындалған болуы тиіс; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|