|
|
|
«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы (2019.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 Қаулысымен күші жойылды
«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесi; 2) ҚР Үкіметінің 2016.04.02. № 53 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2019.24.06. № 429 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2016.04.02. № 53 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен оны жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi жарақат салатын тегіс ұзын ұңғылы атыс, ұңғысыз атыс және газ қаруларының патрондарына медициналық-биологиялық және химиялық-аналитикалық сынақтар жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша бір айлық мерзiмде, «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды бергенi үшiн бір жолғы алым мөлшерлерiн бекіту туралы, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын енгiзсiн. 5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi бір айлық мерзiмде, өзiн-өзi қорғау - жарақат салатын патрондары бар тегiс ұзын ұңғылы атыс, жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар ұңғысыз атыс қаруының зақымдағыш факторларының адамға әсер етуiнiң рұқсат етiлетiн нормаларын әзiрлесiн және бекiтсiн. 6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен Ереженің мәтінінде сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша: «үш жыл» деген сөздер «бес жыл» деген сөздермен ауыстырылды; «немесе нашақорлыққа» деген сөздер «, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа» деген сөздермен ауыстырылсын; «аңшылық билетке», «аңшылық билетіне», «аңшылық билетінде», «аңшылық билетті», «аңшылық билетінсіз», «аңшылық билеті» деген сөздер тиісінше «аңшылық куәлікке», «аңшылық куәлігіне», «аңшылық куәлігінде», «аңшылық куәлікті», «аңшылық куәлігінсіз», «аңшылық куәлігі» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесі 1. Жалпы ережелер Осы Ереже «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару мен оның патрондарын өндiрудi, сатуды (саудасы), берудi, сыйға тартуды, марапаттауды, мұраға ие болуды, сатып алуды, коллекциялауды, экспонаттауды, есепке алуды, сақтауды, алып жүрудi, тасымалдауды, пайдалануды, алып қоюды, жоюды, Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудi қоса алғандағы, айналымын реттейдi.
2. ҚР Үкіметінің 2007.13.08. № 692 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 909 Қаулысымен 2-1-тараумен толықтырылды 2-1. Заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу тәртібі
3-1. Ұйымдардың өздеріне заңнамада жүктелген және олардың жарғыларында (ережелерінде) көзделген азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншігін қорғау бойынша, қоршаған орта объектілері мен табиғи ресурстарды, құнды және қауіпті жүктерді, арнайы хат-хабарларды күзету бойынша жүктелген міндеттерді жүзеге асыру кезінде пайдалануына арналған қару мен оның патрондары жеткізуші заңды тұлғалардан ішкі істер органдарында оны сатып алуға рұқсат алған соң сатып алынуы мүмкін. 3-2. Заңды тұлғаға қару мен оның патрондарын сатып алуға арналған рұқсатты ресімдеу үшін мыналар болуы қажет: 1) мыналарды: толық сауалнамалық деректермен бірге, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтер, техникалық нығайту талаптарына сай келетін және осы Ереженің 7-9-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес өрт-күзет дабылдары құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын сақтау және (немесе) сату үшін арнайы жабдықталған үй-жайлардың кадастрлық нөмірі көрсетілген заңды тұлғаның сатып алуға рұқсат алуға арналған өтініш; 2) техникалық нығайту талаптарына сай келетін және осы Ереженің 7-9-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес өрт-күзет дабылдары құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын сақтау және (немесе) сату үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды жалға алу шартының көшірмесі; 3) қаруға рұқсаты бар адамдардың қаруды иеленуге қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды; 4) қаруға рұқсаты бар адамдардың қаруды қауіпсіз пайдалану қағидаларын білетіндігін тексеру туралы анықтама; 5) қару мен оның патрондарын сатып алуға және сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық; 6) жеткізілетін қару мен оқ-дәрілердің нақты түрлері мен модельдерін және олардың санын көрсете отырып, қару және (немесе) оның патрондарын жеткізуге немесе сатып алуға арналған шарт (келісімшарт) (қаруды әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін) не қару мен оның патрондарын сатып алу-сату шарты (келісімшарты) (Қазақстан Республикасының аумағында қару саудасын жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін); 7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жарақат салатын әсері бар патрондары бар қарудың және электр қаруының көрсетілген қарудың зақымдағыш факторларының адамға тигізетін жол берілген әсерінің белгіленген нормаларына сәйкестігі туралы қорытынды (қаруды сатуды жүзеге асыратын ұйым оны сатып алуға ниет білдірген кезде); 8) осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес аумақтық ішкі істер департаменттерімен (тегіс ұңғылы қару үшін) және (немесе) Ішкі істер министрлігімен (ойық қару үшін) келісілген қару мен оның патрондарының қолда бар және қажетті саны туралы мәліметтер бланкілері (ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар үшін). Полицияның жауапты қызметкері «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өтініште ұсынылған қару мен оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда соттылығының жоқтығы, қару мен оның патрондарын сақтауға және (немесе) сатуға арналған үй-жайлардың және қару мен оның патрондарын сатып алу құқығының болуы туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелермен салыстыра тексеруді жүзеге асырады. Осы тармақта көрсетілген құжаттар болғанда және өтініштегі мәліметтерде көрсетілген ақпараттар мемлекеттік ақпараттық жүйемен сәйкес келген кезде заңды тұлғаға азаматтық және қызметтік қаруды сатып алуға рұқсат беріледі.
3. Қызметтiк қару мен оның патрондарын сақтаудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.07.11. № 1301 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Заңды тұлға қаруды сатып алған күннен бастап 7 күннің ішінде осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес оны сақтауға ішкі істер органынан рұқсат алады. ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Қаруды тіркеу кезінде ішкі істер органы қаруды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар негізінде бес жыл мерзімге осы қаруды сақтауға рұқсат береді. ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді 6. Қаруды сақтауға рұқсат беру үшін: сатып алынған қарудың саны (әр бірлiктiң түрi, үлгiсi, моделi, жүйесi, калибрi, нөмiрі, шығарылған жылы) туралы; қаруды сақтау мен пайдалануға жауапты адам, сондай-ақ қаруды алуға рұқсаты бар адамдар, оның ішінде күзет қызметкерлері туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері), денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды, қаруды қауіпсіз ұстаудың ережелерін білетіндігін тексеру туралы және сотталмағандығы туралы анықтамалар көрсетілетін ұйым басшысының өтініші негіз болып табылады. Өтiнiшке ұйым басшысының қару мен оның патрондарының сақталуы үшiн жауапты адамды (адамдарды) тағайындау туралы бұйрығының көшiрмесi қоса тiркеледi. Қаруды сақтауға арналған жаңа объект ашылған кезде өтінішке iшкi iстер органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының өкілдерi жасаған қару сақтауға арналған үй-жайдың жарамдылығы актілерi қоса тiркеледi. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1370 Қаулысымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Қызметтiк қару мен оның патрондары арнайы жабдықталған қоймада сақталады, ол мынадай талаптарға сай болуы тиiс: 1) басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшау болуы керек, қабырғалары қалың, төбе жабулары мен еденi берiк болуы тиiс. Iшкi қабырғалары (қоршаулары) беріктігі жағынан арасына болат тор өткiзiлген, әрқайсысының қалыңдығы 80 мм қосарланған гипсобетонды панельдерге немесе металл тормен арматураланған, қалыңдығы кемінде 120 мм кiрпiш қабырғаға тең болуы керек. Бұрын салынған ғимараттарда болат торлармен күшейтiлген тақтай қоршаулар жасауға рұқсат етiледi; 2) екі есiгi болуы керек, бұл ретте сыртқысы - қаңылтырдың шеттерi есiктiң жақтауына қайтарылып, екі жағы мырышты болат қаңылтырмен сомдалған, қалыңдығы кемiнде 40 мм бір қабат тақтайдан, ал iшкiсi - болат тордан жасалады. Сыртқы есiк екi iшкi құлыппен жабылып, мөр немесе пломбы басылуы тиiс, iшкi торлы есік - iшкi немесе аспалы құлыппен жабылады. Қару-жарақ бөлмесi есiгiнiң ойығы (есiктiң қорабы) болат жиекпен жақтауланады. Бұрын салынған үй-жайларда көлемi 30х40 мм-ден, қалыңдығы 5 мм-ден кем болмайтын, қабырғаға диаметрi 10-12 мм арматуралы болат шегемен он жерден қағылған бұрыштама темірмен күшейтiлген ағаш қораптарға рұқсат беріледі; 3) үй-жайдың iшкi жағындағы терезе ойықтарында немесе жақтауларының арасында болат тор жүргiзiледi. Бірiншi қабатта орналасқан бөлмелерде терезелері iшкi жағынан металл немесе екi жағынан мырышты болатпен қапталған ағаш қақпақпен жабдықталады. Торлардың ұшы қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке дейін қағылып және бетон құйып бекітіледi. Терезенiң қақпақтары аспалы құлыппен жабылуы керек. Есiк, терезе ойықтарына және қабырғаны нығайту үшiн тартылатын торлар диаметрi кемiнде 15 мм болат шыбықтан жасалады. Шыбықтардың тор көздерi кемінде 150х150 мм-ден айқастырылып дәнекерленедi; 4) екi және одан көп күзет-өрт белгі беру құралдарымен жабдықталады, ол электр қуатымен қамтамасыз ету қалқанына жасырын сым тарту арқылы орындалады, терезелерге, есіктерге, люктерге, қабырғаларға, төбеге, еденге қару мен патрондар сақталатын сейфтерді, шкафтарды ашқанда немесе бұзғанда, сондай-ақ бөлменің iшiнде адам жүргенде iске қосылатын хабарлағыштар орнатылады. Бұл үй-жайлар кезекші бөлімдеріндегі шығарылатын жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың iшкi істер органдары күзет бөлiмшелерiнің күзетуiне берiлiп, белгiленген тәртiппен белгі беру құралдарының орталықтандырылған бақылау пультiне қосылады. Күзету белгi беру құралдарының шлейфін темірбетонды және бетонды құрылыс конструкциялары бойынша тек қана бөлме iшiнде құбырмен жүргiзуге рұқсат етiледi; 5) желдеткiш терезе, люк болған жағдайда, оларға бұл жүйелер арқылы өту мүмкiндiгiн болдырмайтын көлемi 100х100 мм-ден аспайтын тор көздерi бар болат тор орнатылады. Инженерлiк желiлердi тартуға арналған қабырғалардағы тесiктердiң диаметрi 200 мм-ден аспауы керек; 6) қару мен патрондар сақтайтын бөлмеде өртке қарсы құралдар, мүлiктердiң тiзімдемесi болуы тиiс, онда шкафтардың, металл жәшiктердiң саны, олардың нөмiрлерi және қандай мөр басылғаны көрсетiледi; 7) қару мен оның патрондары бар қару-жарақ бөлмесi және металл шкафтар (сейфтер) кiлттерiнiң екi жинағы болуы тиiс. Кiлттердiң бір жинағы қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамда, екiншiсi - атына сақтау рұқсаты берiлген ұйым басшысының мөрленген сауытында ұдайы сақталады. Қару-жарақ бөлмесiнiң, қару мен патрондар бар металл шкафтардың, сейфтердiң кiлттерiн столдарда және бөгде адамдардың қолы жететiн өзге де жерлерде қалдыруға тыйым салынады. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1370 Қаулысымен 8 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 8. Қару мен патрондар қабырғасының қалыңдығы кемiнде 3 мм, ішкi құлыптары (кемiнде екi) берiк жабылатын металл шкафтарда (сейфтерде) сақталуы керек. Шкафтардың есiктерi мықты болу үшiн болат бастырмамен немесе бұрыштамалармен нығайтылады. Қаруды жөндеу шеберханаларында қаруды сақтауды қоспағанда, шкафтардың есіктерінің ішкі жағында нөмірлері бойынша оның тізімдемесі болуы тиіс Қаруды бір iшкi құлпы бар, салмағы кемiнде 700 кг ауыр сейфтерде сақтауға болады. 9. Қарумен және патрондармен бірге қару-жарақ бөлмесiнiң темір тормен бөлiнген бөлiгiнде сақтауға болатын пневматикалық қару, арнаулы құралдар, радиостанциялар мен дозиметриялық аспаптарды қоспағанда, басқа бұйымдарды сақтауға тыйым салынады. Қарудың патрондары қарудан бөлек металл жәшiкте, шкафта сақталуы тиiс. Сүрту материалдары, май және сiлтiлер, қаруды тазалау мен майлауға арналған бұйымдар қару мен патрондардан бөлек, ол үшiн арнайы бөлiнген жерде сақталады. 10. Банк басқармаларында, бөлiмшелерiнде, филиалдарында қару мен патрондар темір-бетонды қоймаларда сақталады. Қоймалар болмаған жағдайда қару мен оның патрондарын (орталықтандырылған бақылау пультіне шығарылған күзету белгi беру құралдары болған жағдайда) iшкi немесе жапсырма темір-бетон шкафтарда (кассаларда) немесе салмағы кемiнде 700 кг ауыр сейфтерде сақтауға рұқсат етіледi. Байланыс тораптарында, фельдъегерлiк қызметтерде, арнайы байланыс бөлiмшелерiнде, автономиялық күзету белгi беру құралдары мен салмағы кемiнде 700 кг ауыр сейфтер болған жағдайда қару мен патрондарды сақтауға рұқсат етiледi. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1370 Қаулысымен 11 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 11. Қызметтiк қару мен оның патрондарын сақтауға арналған үй-жай болмаған жағдайда ұйымдарға орталықтандырылған сақтау пункттерi жабдықтарын пайдалануға рұқсат етiледi. Мұндай пункттер «Динамо» дене тәрбиесi-спорт қоғамының базасында, жеке күзет ұйымдарында шарттық негiзде құрылуы мүмкiн. Орталықтандырылған сақтау пунктiнде қару мен патрондар осы Ереженiң 7-9-тармақтарында белгiленген тәртiппен сақталады. Қаруды орталықтандырылған сақтау пунктiне тапсыру акт бойынша ресiмделедi. Онда қару мен оның патрондарын сақтайтын әрбір ұйым үшiн жеке металл шкафтар немесе бокстар бөлiнуi тиiс. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Әскерилендiрiлген күзет жасақтарында (командаларында) атыс қаруы мен патрондар (оның iшiнде азайтылмайтын қор) осы Ереженiң 7-9-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес сақталады. Қару-жарақ бөлмесiн орталықтандырылған бақылау пультiне шығатын дабыл белгiсiмен жабдықтау мүмкiн болмаған жағдайда оның қабырғаларына, төбесiне, терезелерiне хабарлағыштар орнатылып, қарауыл үй-жайынан (күзет қосынан) басқа жақын жердегi қарулы қосқа да шығарылған жеке дабыл белгiсiмен жабдықталады. 13. Оқу мақсатында (практикалық атыстар), спорт жарыстарында немесе қызмет өткеру уақытында қару қолдану нәтижесiнде жұмсалған, сондай-ақ жоғалған патрондар акт бойынша есептен шығарылады, оған тарату-тапсыру ведомосы, ал қажет болған жағдайда, қаруды қолдану немесе патрондарды жоғалту себептерi туралы қызметтiк тексеру материалдары қоса тiркеледi. Акт атыс жүргiзiлген кейiнгi келесi күннен кешiктiрiлмей жасалады, оны ұйым басшысы бекiтедi және қаруды сақтауға жауапты адамда сақталады. Қаруды есепке алу кiтабында патрондарды есептен шығару туралы тиiстi белгiлер қойылады. 14. ҚР Үкіметінің 2014.14.11. № 1198 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.13.05. № 260 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15. Iшкi iстер органдарымен келiсу бойынша қызметтiк ойық және тегiс ұңғылы қару (карабиндер, винтовкалар, тапаншалар, револьверлер, мылтықтар) мен оның патрондарын мемлекеттік орман қоры учаскелерін және жануарлар әлемі объектілерін тікелей күзетуді, қорғауды жүзеге асыратын орманды күзету және қорғау инженерлерінің, орманшылардың, орман шеберлерінің, орман күтушілерінің, мемлекеттік инспекторлардың (қорықшылардың), аңшылық мамандарының, инспекторлардың, аңшылық және балық шаруашылықтары қорықшыларының тұрғылықты жерлерiнде сақтауға болады. Бұл ретте атыс қаруы осы Ереженің 91-тармағының талаптарына сәйкес сақталады. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін және жануарлар әлемі объектілерін тікелей күзетуді, қорғауды жүзеге асыратын орманды күзету және қорғау инженері, орманшы, орман шебері, орман күтушісі, мемлекеттік инспектор (қорықшы), аңшылық маманы, инспектор, аңшылық және балық шаруашылықтарының қорықшысы ұзақ уақыт (он күннен астам) болмаған кезеңде (іссапар, демалыс, емделу, әскери қызмет өткеру) қару осы қаруды сақтауға рұқсат берілген ұйымның қару-жарақ бөлмесіне тапсырылады.
4. Қызметтiк қару мен оның патрондарын есепке алудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 2017.13.05. № 260 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16. Қаруды сақтайтын және пайдаланатын ұйымдарда қызметтік қару мен оның патрондарын есепке алу осы Ережеге 18-қосымшаға сәйкес қаруды сақтайтын және пайдаланатын ұйымдарда қару мен оның патрондарын есепке алу кітабында және осы Ережеге 19-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарын беру және қабылдау журналында жүргізіледі, олар нөмiрленеді, тігіледі және аумақтық iшкi iстер органының «Лицензиялық-рұқсат жүйесі» деген бедерi бар арнайы мөрi басылады. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1370 Қаулысымен 17 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 17. Ұйымдар бұдан әрі пайдалануға жарамсыз қызметтiк қару мен оның патрондарын облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және Көліктегі ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД (К) шаруашылық бөлiмдерiнiң қоймаларына одан әрi жою үшiн тапсырылады. Жою тәртібін қару айналымын бақылау саласындағы өкiлеттi орган анықтайды. Ескерту. Қарудың пайдалануға жарамдылығын iшкi iстер органдарының аталған бөлімшелерiнiң техникалық комиссиялары анықтайды. Ұйымдарға тиесiлi басы артық, бірақ бұдан әрi пайдалануға жарамды қызметтiк қару мен оның патрондары тек қана оны сақтауға рұқсат берген ішкi iстер органының рұқсаты (жолдамасы) бойынша басқа ұйымдарға берiледі немесе сатылады. 18. Қару мен оның патрондарын есепке алудың, сақтаудың және дұрыс пайдаланудың жай-күйiне ұйым басшылары, ал әскерилендiрiлген күзет жасақтарында - жасақ (бөлiмше) бастықтары жауапты болады, олар қару немесе оның патрондары ұрланған немесе жоғалған жағдайларда ол туралы аумақтық iшкi iстер органдарына дереу хабарлауға және оларды iздестiру шараларын қолдануға мiндеттi. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1370 Қаулысымен 19 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 19. Ойық ұңғылы қызметтiк атыс қаруы мiндеттi түрде тексеру атысынан өтуi тиіс. Атылған оқтар мен гильзалар ІІД, (К) қару-жарақ қызметтерiнде сақталады. Тексеру атысын iшкi iстер органдары жүргiзедi, атыстың қайталану кезеңi - 5 жылда бір рет. Оларды өткізу үшiн ұйым қару-жарақты атыс орнына тасымалдауды қамтамасыз етедi. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын, сондай-ақ суық қаруды сақтау, есепке алу және пайдаланудың тәртібі заңнамаға сәйкес айқындалады.
5. Қызметтiк қару мен оның патрондарын берудiң тәртібі
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1370 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 909 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.13.05. № 260 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) - 8), 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын оларды сатып алуға рұқсаттары бар субъектілерге бере алады. Қару немесе патрондарды берген заңды тұлғалар бұл туралы қару есепте тұрған ішкі істер органына берілген қарудың санын, әрбір бірлігінің маркасын, калибрі мен нөмірін, патрондардың санын, маркасын, калибрін көрсете отырып, жеті күн мерзімде жазбаша хабарлайды. Хабарламаға қайта ресімдеу үшін қаруды сақтауға рұқсаты, сондай-ақ оның негізінде беру жүзеге асырылған құжаттар қоса беріледі. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар, күзет қызметінің субъектілері ішкі істер органдарымен келісу бойынша өздерінің балансындағы азаматтық және қызметтік қаруды аумақтық тиесілігіне қарамастан, өздерінің филиалдарына, өкілдіктеріне (бұдан әрі - филиалдар, өкілдіктер) бере алады. Филиалдар мен өкілдіктердің қаруды сақтауы осы Ереженің 3-бөлімінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Қаруды сақтауға рұқсат беру және оны филиалға және өкілдікке тіркеу үшін заңды тұлға осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарының қолда бар және қажетті саны туралы мәліметтердің толтырылған бланкін ішкі істер органына келісу үшін ұсынады. Филиал мен өкілдіктің азаматтық және қызметтік қаруды сатып алуға рұқсат алуы талап етілмейді. Қаруды тіркеген ішкі істер органының қызмет көрсету аумағынан тыс қызметті жүзеге асыру үшін қызметтік қаруды уақытша әкетуді заңды тұлға қаруды әкету орны бойынша тіркеусіз және қару мен оның патрондарының қолда бар және қажетті санын келісусіз жүзеге асырады. Бұл ретте заңды тұлға осы Ереженің 3-бөліміне сәйкес қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттарды беруді оны тіркеген ішкі істер органы жүзеге асырады. Республикалық спорт ұйымдары ішкі істер органдарымен келісу бойынша өздерінің балансындағы спорттық қаруды өңірлік спорт ұйымдарына бере алады. Бұл ретте өңірлік спорт ұйымдары аумақтық ішкі істер органында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат алады. Басқа жағдайларда азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары олардың ведомстволық тиесілігіне қарамастан, оны бір заңды тұлғадан екіншісіне беру мақсатында ішкі істер органының жолдамасы бойынша қару сататын мамандандырылған дүкен арқылы сатылады. 21. Ұйым басшылары ұйымның (ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғалардың) штат қызметкерлерiне өз функцияларын атқару кезеңiнде қару бередi. Қару қызметкерлерге тиiстi дайындықтан өткеннен кейiн берiледi. Бұл қызметкерлер атыс қаруын қолданумен байланысты жағдайлардағы iс-әрекетке жарамдылығы бойынша мезгiл-мезгiл тексеруден өтiп отыруға мiндеттi және iшкi iстер органдарының қызметтiк қаруды сақтауға және алып жүруге берген рұқсаты болуы керек. 6. Қызметтiк қару мен оның патрондарын алып жүру құқығына рұқсат беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 11.11.03 ж. № 1127 қаулысымен (бұр. ред. қара); 24.08.04 ж. № 890 қаулысымен; 2006.17.05. № 414 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2007.29.12 № 1370 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.07.11. № 1301 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 22-тармақ өзгертілді
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |