«Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде: 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «15. Iшкi iстер органдарымен келiсу бойынша қызметтiк ойық және тегiс ұңғылы қару (карабиндер, винтовкалар, тапаншалар, револьверлер, мылтықтар) мен оның патрондарын мемлекеттік орман қоры учаскелерін және жануарлар әлемі объектілерін тікелей күзетуді, қорғауды жүзеге асыратын орманды күзету және қорғау инженерлерінің, орманшылардың, орман шеберлерінің, орман күтушілерінің, мемлекеттік инспекторлардың (қорықшылардың), аңшылық мамандарының, инспекторлардың, аңшылық және балық шаруашылықтары қорықшыларының тұрғылықты жерлерiнде сақтауға болады. Бұл ретте атыс қаруы осы Ереженің 91-тармағының талаптарына сәйкес сақталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|