|
|
|
Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу әрекетінен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде: 3-тармақтың бiрiншi абзацы "10-1" деген сандардан кейiн "10-2" деген сандармен толықтырылсын; 22-тармақтың бiрінші абзацы "10" деген сандардан кейiн "10-2" деген сандармен толықтырылсын; осы қаулыға қосымшаға сәйкес 10-2-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 890 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне 10-2-қосымша Қазақстан Республикасының әуежайлары авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны 1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметi қызметкерлерiн қаруландыру нормасы:
2. Қару-жарақтар нормасы мынадай есептен белгiленедi:
Ескертпе: 1. Қарудың атысын тексеруге арналған патрондарды басқа мақсаттарда шығындауға тыйым салынады. 2. Қарудың атысын тексеру қажеттілiгiн әуежай басшысының орынбасары немесе әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің бастығы жылына екi рет белгiлейдi. 3. Тегiс ұңғылы мылтыққа арналған патрондар № 7, 8 бытырамен оқталады. 4. Қарудың жалпы саны әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнің қауiпсiздiк бөлiмшесi ауысымы қызметкерлерінің бекітілген штат кестесi бойынша жалпы санынан аспауы керек, бұл ретте 10 бiрлiкке бір резервтегi қару ұстауға болады. 5. Әуежайда ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету үшiн қосымша екi тегiс ұңғылы қару ұстауға рұқсат етіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |