|
«Теміржолсу - Қостанай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне арналған тарифтерді және тарифтік сметасын бекіту туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 - бабы 1 - тармағының 1) және 2) тармақшаларын және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 82-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ережесін басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН: 1. Қолданысқа 2014 жылғы 01 наурыздан бастап енгізуімен, «Теміржолсу - Қостанай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне арналған тарифтері; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне арналған тарифтік сметасы бекітілсін. 2. Осы бұйрықты қолданысқа енгізгеннен кейін «Теміржолсу - Қостанай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау жөніндегі қызметтеріне арналған тарифті және тарифтік сметасын арналған бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 20-НҚ бұйрығының күші жойылған деп танылсын. 3. Осы бұйрықты табиғи монополиялар және бағаларды реттеу бөлімі (Қ.А. Қалымов) «Теміржолсу - Қостанай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша департамент басшының орынбасары Алтынай Хамзақызы Байсаринаға жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|