Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің мәселелері (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 761 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті; 3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті таратылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі туралы ереже; 2) Мемлекеттік акциялар пакетіне (қатысу үлесіне) иелік ету және оны пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігіне берілетін заңды тұлғалар тізбесі; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 3. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелері қайта аталсын. 4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. 5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі және Қазақстан Республикасы мәдениет, көлік және коммуникация министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|