Өңірлік электр желілік компанияларын қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидаларын бекіту туралы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 222 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2)тармақшасына және 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Өңірлік электр желілік компанияларды қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санының қағидалары бекітілсін. 2. «Табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 29-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде № 5568 тіркелген, «Ресми газетте» 2009 жылғы 27 маусымдағы № 26 (444) жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді; 2) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын; 3) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|