Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өнімнің транзитіне рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 11 ақпандағы № 130 және «Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы (2015.25.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен 1-тармақтың 5) және 7) тармақшаларын, 2, 3, 4-тармақтарын қоспағанда күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2017.07.04. № 183 Қаулысымен 1-тармағының 5) және 7) тармақшалары, 3 және 4-тармақтарының күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына, 9-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Тау-кен, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) «Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түсті және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|