ҚАРЫЗ № 8361-KZ
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Күні 2014 жылғы 29 сәуір
ҚР 2014 жылғы 1 шілдедегі № 222-V Заңымен ратификацияланды
2014 жылғы _____________ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ («Қарыз алушы») мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ («Банк») арасындағы келісім. Осы арқылы Қарыз алушы мен Банк төмендегілер туралы уағдаласты:
I БАП — ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы Шарттар (осы Келісімге Қосымшада анықталғандар) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. 1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын, бас әріптен басталатын терминдер Жалпы Шарттарда немесе осы Келісімге Қосымшада оларға бекітіп берілген мағыналарына ие болады.
2.01. Банк Қарыз алушыға сипаттамасы осы Келісімге 1-толықтыруда келтірілген жобаны («Жоба») қаржыландыруға жәрдем көрсету мақсатында осы Келісімде жазылған немесе онда сілтеме жасалған мерзімге және шарттарда осы Келісімнің («Қарыз») 2.07-бөлімінің ережелеріне сәйкес валюта айырбастау арқылы кезең-кезеңімен айырбастауға болатын отыз алты миллион (36 000 000 АҚШ доллары) АҚШ долларына тең соманы беруге келіседі. 2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-толықтырудың IV бөліміне сәйкес алуға құқылы. 2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бірін (0,25 %) құрайды. Қарыз алушы біржолғы комиссияны осы Келісім күшіне енген күннен кейін 60 күннен кешіктірмей төлейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|