Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы (2023.06.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінің 2 және 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілері бекітілсін. ҚР Қорғаныс министрінің 2023.18.09. № 900 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы: 1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органы әскери қызметшілерінің шевронын, дербестендірілген белгісі мен төсбелгісін жасауды және бағынысты мекемелер мен бөлімшелерді олармен қамтамасыз етуді ұйымдастырсын; 2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын; 3) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын; 4) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|