2014-2016 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы
Осы редакция 2014 жылғы 10 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ: 1. 1, 2 және сәйкесінше 3 қосымшаларға сәйкес 2014-2016 жылдарға, соның ішінде 2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті келесі көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 101 624 463 мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша: салықтық түсімдер - 11 937 567 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 104 672 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 1 000 мың тенге; трансферттер түсімі - 89 581 224 мың теңге; 2) шығындар - 101 541 922 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 882 524 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 1 483 804 теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 601 280 мың теңге; 4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - - 100 мың теңге, соның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсім - 100 мың теңге; 5) бюджет профициті - - 799 883 мың теңге; 6) профицитті пайдалану - 799 883 мың теңге. 2. 2014 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін: жеке табыс салығы; табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем. Облыстық бюджетке салық жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері - 100 пайызда, аудандар және Петропавл қаласының бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша - 100 пайызда белгіленсін. 3. Облыстық бюджеттің кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгілесін: мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|