Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 761 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті; 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті; 3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар; 2) акцияларының мемлекеттік пакеттеріне (қатысу үлестеріне) иелік ету және оны пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне берілетін заңды тұлғалар тізбесі бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 441 қаулысына қосымша
Қайта аталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|