«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы (2014.17.07. берілген толықтырулармен)
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 142/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін. 2. Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі «Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» № 100/4 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3525 болып тіркелді, 2013 жылғы 11 мамырда «Сарыарқа самалы» газетінде, 2013 жылғы 11 мамырда «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланды). 3. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының заңнамен белгіленген тәртіпке сәйкес ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін. 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Е. Рақымжанов 2014 жылғы «25» сәуір
2014 жылғы 24 сәуірдегі № 124/4 қаулысымен бекітілді
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|