Қазақстан Республикасы Президентінің «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Жергілікті жер комендатурасының қызметі туралы үлгі ереже бекітілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы мамырдың 23-і.
№ 821
Президентінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 821 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Жергілікті жер комендатурасының қызметі туралы
1. Жергілікті жердің комендатурасы орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын уақытша арнаулы орган болып табылады. 2. Жергілікті жердің комендатурасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Жергілікті жер комендатурасының қызметі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады. 3. Жергілікті жердің комендатурасы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен барлық жеке және заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ ішкі істер органдары, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның бөлімшелері, төтенше жағдай енгізілген жерде орналасқан (дислокацияланған) және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін қосымша жұмылдырылған әскери құралымдар бастықтарының (командирлерінің) тиісті аумақта орындауы үшін міндетті жергілікті жер комендантының бұйрықтарымен және өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|