Қазақстан Республикасының геология саласының қызметкерлерін «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» және «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгілерімен марапаттау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдарының ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградалардан айыру) қағидаларының 73 және 74-тармақтарына сәйкес және Геолог күніне орай геологияны дамытуға және елдің минералдық-шикізат қорын басқаруға қосқан елеулі үлесі үшін, геологиялық-барлау жұмыстарының бағыттарын ғылыми негіздегені үшін, пайдалы қазбалар кен орындарын ашқаны және оларды барлағаны үшін, Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау ісіне жеке үлесі үшін геология саласының қызметкерлерін марапаттау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналармен: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес геология саласының қызметкерлері «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгісімен; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес геология саласының қызметкерлері «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісімен марапатталсын. 2. Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|