Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы
Осы редакция 2014 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 59) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі
1. Президент 2. Премьер-Министр 3. Парламент Сенатының Төрағасы 4. Парламент Мәжілісінің Төрағасы 5. Мемлекеттік хатшы 6. Президент Әкімшілігінің Басшысы 7. Конституциялық Кеңестің Төрағасы 8. Жоғарғы Соттың Төрағасы 9. Ұлттық Банк төрағасы 10. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы 11. Премьер-Министрдің орынбасарлары 12. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы 13. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары 14. Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы 15. Бас прокурор 16. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы 17. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы 18. Сенат Төрағасының орынбасары 19. Мәжіліс Төрағасының орынбасары 20. Президенттің Іс басқарушысы 21. Президенттің көмекшілері 22. Президент Кеңсесінің басшысы 23. Президенттің кеңесшілері 24. Президентке бағынысты және есеп беретін агенттіктердің басшылары 25. Министрлер 26. Президенттің Күзет қызметінің бастығы 27. Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|