Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 63 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына оқуға түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары бекітілсін. 2. Қаржы полициясы академиясы Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесе отырып, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|