Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымын, республиканың және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштердің нысандарын, тізбесін бекіту туралы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі мен мерзімдерінің 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымы; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштердің нысандары және тізбесі; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштердің нысандары және тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Макроэкономикалық даму және болжамдау департаменті (Д.А. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 107 бұйрығына Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|