Шемонаиха ауданындағы Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, «Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін ұйымдастыру» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар белгіленсін: 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шемонаиха ауданындағы Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі; 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шемонаиха ауданындағы Шемонаиха кен орнының № 5 құм-қиыршықтас қоспасын игеру ауданындағы Уба өзенінің су қорғау аймағының аумағында арнайы шаруашылыққа пайдалану режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|