«Сот-медициналық сараптамасы функциясын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне беру мәселесі бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 16 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 10 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Кадрлық өзгерістерге байланысты және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 292 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (әрі қарай - Жоспар) орындау мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Сот-медициналық сараптамасы функциясын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне беру мәселесі бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 16 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 10 бірлескен бұйрығына (әрі қарай - Бұйрық) келесі өзгерістер енгізілсін: Бұйрыққа қосымша осы Бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; Бұйрықтың 2, 3-тармақтары келесі редакцияда жазылсын: «2. Жұмыс тобы Бұйрық пен Жоспарды іске асыру бойынша есепті ай сайын тапсырып отырсын.». «3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Байжүнісов Ерік Әбенұлына жүктелсін.». 2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|