Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мақтарал-сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының сумен жабдықтау қызметіне тарифі мен тарифтік сметасын бекіту туралы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 99-НҚ бұйрығымен 2015 ж. 1 тамызға дейін тоқтатылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі» және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мақтарал-сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының сумен жабдықтау қызметіне орташа босату тарифі 1 текше метрге 26,00 теңге (ҚҚС-сыз) болып бекітілсін. 2. Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мақтарал-сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының сумен жабдықтау қызметіне: - 1 - қосымшаға сәйкес тариф прейскуранттары; - 2 - қосымшаға сәйкес сумен жабдықтау қызметінің тарифтік сметасы бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|