Қазақстан Республикасы Президентінің (2023.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанынан «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған мекеменің жарғысы бекітілсін. 3. Мекеменің штат саны 58 бірлік мөлшерінде белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мекемеге қатысты уәкілетті орган болып айқындалсын. 5. Мекеме директорын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін. 6. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Достық үйі - Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің мүлкін мекемеге бере отырып, оны тарату туралы шаралар қабылдасын; 2) бір ай мерзімде мекемені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 3) мекемені республикалық бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етсін; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме басшыларының, мамандары мен қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын (мөлшерлемелерін) 1,72 арттырушы коэффициентті қолдана отырып белгілеуді қамтамасыз етсін; 5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Астана қаласында мекемені орналастыру үшін үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін. 8. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Президентінің 2015.29.12. № 150 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Президентінің 2023.31.07. № 290 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 9. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|