Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекарасындағы Тобыл өзені және соған іргелес аумақ акваториясының су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруақорлықпен пайдаланудың тәртібі мен ерекше шарттарын белгілеу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Уәкілетті органдарымен келісілген, бекітілген жобалық құжаттардың негізінде 1-қосымшаға сәйкес, 2009 жылғы шілдеге дейін су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленген учаскелерден басқа, Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекарасындағы Тобыл өзені және соған іргелес аумақ акваториясының су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін. 2. Осы қаулының 1-тармағымен белгіленген Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекарасындағы Тобыл өзені және соған іргелес аумақ акваториясының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруақорлықпен пайдаланудың тәртібі мен ерекше шарттары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін. 3. Қостанай қаласының және Қостанай ауданының әкімдері: Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің «Жер ресурстарын және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (Мемжерғылөнорталығы)»Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының шаруашылық жүргізу құқығындағы Қостанай еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен (Қостанайжерғылөнорталығы) бірлесіп (келісім бойынша) мемлекеттік жер кадастрына тиісті өзгерістер енгізіп, өз құзыреті шегінде, су қорғау белдеулерінің жерін су қорының жеріне аудару жөнінде шара қолдансын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|