Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2016.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтың актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.16.07. № 152 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.21.11. № 222 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықта: 1-тармақтың үшінші - он тоғызыншы абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Банктердің жарғылық капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді: жаңадан құрылатын банктер үшін - 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде; тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін - 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде.»; мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында немесе 52-5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|