Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 889 бұйрығымен күші жойылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар жою департаменті (Д.Ж. Сатылғанов) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен. кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 313 бұйрығымен бекітілген
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу
1. Осы авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) меншік нысанына қарамастан Қазақстан Респубикасындағы авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|