ҚР Ішкі істер министрінің 2014.29.07. № 477 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығымен бекітілген № 11 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр жұмысы департаменті туралы
1. Кадр жұмысы департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесінде мемлекеттік кадр саясатын іске асыратын, осы Ережеде белгіленген міндеттер мен функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр бекітеді. 4. Департамент: 1) Басшылықтан; 2) Қызмет өткеруді ұйымдастыру басқармасынан; 3) Ұйымдастырушылық-штаттық жұмыс басқармасынан; 4) Кәсіби және психологиялық даярлықты ұйымдастыру басқармасынан; 5) Ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасынан; 6) ҚР Ішкі істер министрінің 2014.16.06. № 348 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімінен; 8) ұйымдастырушылық-аналитикалық бөлімнен тұрады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
5. Міндеттері: ішкі істер органдарының жүйесінде бірыңғай кадр саясатын мемлекеттік кадр саясатының құрамдық бөлігі ретінде жүзеге асырады. Функциялары: 1) ішкі істер органдары жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кадр саясаты саласындағы шешімдерін іске асырады, төменгі бөліністердің оларды орындауын бақылайды, осы қызметтің жай-күйі мен нәтижелері туралы мүдделі мемлекеттік органдарға хабарлайды, кадр жұмысы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық басшылықты жүзеге асырады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|