«3-Энергоорталық» акционерлік қоғамының 2014 жылға арналған инвестициялық бағдарламасын бекіту туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларының 18-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамының 2014 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті осы бірлескен бұйрықты «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Р. Нышамбаевқа жүктелсін. 4. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|