Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 949 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 40, 449-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1567 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 49-құжат). 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Yкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 862 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді. 2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің негізгі міндеттері: 1) ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|