Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбір мәселелерi (2014.21.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берілiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 1025 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 231 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Көшi-қон комитетi және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті құрылсын. 4. ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 5. Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография агенттігiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын. 6. ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 231 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын. 8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 9. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ереженің 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 10-тармағының сегізiншi абзацын, 11-тармағы 6) тармақшасының алтыншы және тоғызыншы абзацтарын, 12-тармағының 4), 5), 7) және 9) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.13.03. № 231 Қаулысымен (бұр. ред. қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Министрліктің ведомстволары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетi және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті бар. 3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі. 9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты. 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы: азаматтардың еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы конституциялық кепілдіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал ету. 1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; 2) жұмыспен қамту; 3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; 4) мүгедектерді әлеуметтік қорғау; 5) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; 6) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; 7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; 8) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.26.03. № 256 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.21.05. № 528 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді 16. Функциялары: орталық аппараттың функциялары: 1) еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады; 2) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) өзінің қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 4) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама саласында; өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы; сондай-ақ мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны; жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі - мемлекеттік арнайы жәрдемақы); банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдерді; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына арналған біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау және төлеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді; 5) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді; 6) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 6-1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 7) еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді; 8) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді; 9) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді; 10) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді; 11) біліктілік анықтамалықтарды және сипаттамаларды әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды; 12) экономикалық қызметтің әрқилы түрдегі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын келіседі; 13) тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекіту тәртібін белгілейді; 14) тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары бекіткен еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін келіседі; 15) әлеуметтік-еңбек саласы қызметінің еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекітеді; 16) әлеуметтік-еңбек саласы қызметінің басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекітеді; 17) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін айқындайды; 18) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғарылатылған мөлшерін беру тәртібін бекітеді; 19) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекітеді; 20) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекітеді; 21) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлейді және бекітеді; 22) әлеуметтік-еңбек саласының салалық біліктілік шеңберін бекітеді; 23) кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану тәртібін бекітеді; 24) әлеуметтік-еңбек саласы қызметкерлерінің кәсіби стандарттарын әзірлейді және бекітеді; 25) тиісті қызмет салалары ұйымдарының кәсіби стандарттарын келіседі; 26) Кәсіби стандарттар тізілімін жүргізудің нысанын бекітеді; 27) әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 28) экономика салаларының кадрларға қажеттілігін салалар, мамандықтар және өңірлер бөлінісінде айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 29) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындарының дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді ұсынуға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді; 30) өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді; 30-1) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді; 30-2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді; 30-3) салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларына тиісті қаржы жылындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асырады; 30-4) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын әзірлейді; 30-5) Құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді; 31) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - Орталық) төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын арттыру тәртібін әзірлейді; 32) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындау үшін еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптамасын және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесін әзірлейді; 33) толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын маусымдық өнеркәсіп салаларының тізімін әзірлейді; 34) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімін әзірлейді; 35) салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін әзірлейді және бекітеді; 36) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 37) Орталықтан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу қағидаларын әзiрлейдi; 38) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 39) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 40) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді; 41) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауына байланысты тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын әзірлейді; 42) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 43) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін әзірлейді; 44) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 45) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 46) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсынуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 46-1) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кадрлар даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 47) әлеуметтік аударымдарды есептеудің және аударудың тәртібі мен мерзімін әзірлейді; 48) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі - Қор) басшы қызметкерлерін тағайындауға келісім береді; 49) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады; 50) Қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлейді; 51) Қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді; 52) Қордың бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметті жүзеге асыру тәртібін әзірлейді; 53) Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы жыл сайын ұсыныс әзірлейді; 54) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидаларын әзірлейді; 55) еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы ұсыныс әзірлейді; 56) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кінәсінен уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеу қағидаларын әзірлейді; 57) мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді; 58) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді; 59) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау тәртібін бекітеді; 60) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және оларды денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді; 61) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілейді; 62) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау жөнінде қызметті үйлестіруді жүзеге асырады (оның ішінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді); 62-1) әлеуметтік қызметтерді ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады; 63) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады; 64) мемлекеттік еңбек инспекторларын аттестаттауды жүргізеді; 64-1) әлеуметтік-еңбек саласының кадрларын оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 65) Кәсіби стандарттар тізілімін жүргізуді жүзеге асырады; 66) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 67) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады; 68) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 69) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуметтік қызметтердің жұмысын әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асырады; 69-1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгі ережелерді әзірлейді және бекітеді; 70) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжам жасайды және халық пен Қазақстан Республикасының Үкіметін еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді; 71) ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісімшарттар жобаларын қарауға қатысады; 72) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі; 73) мүдделі органдармен бірлесе отырып, кадрларды даярлауға және оларды жұмысқа орналастыруға қажеттілікті айқындайды; 74) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастырады; 75) Қордың қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады; 76) атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейінің нақты қалыптасқан шамасына негізделе отырып, кедейлік шегінің мөлшерін айқындайды; 77) халықтың мүгедектігінің деңгейі мен себептерін зерделейді; 78) өз құзыреті шегінде ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; 79) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 80) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері мен нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 81) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 82) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 83) оралмандардың көшіп келу, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын қалыптастыру, шетелдік жұмыс күшін тарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді; 83-1) оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды; 84) оралмандардың көшіп келу, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың арасында бөледі; 85) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органға көші-қон процестері мониторингінің нәтижелерін ұсынады; 86) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласында шаралар жүйесін әзірлейді; 87) оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды; 88) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. ведомстволардың функциялары: 1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; мүгедектерді әлеуметтік қорғау; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызмет көрсету, өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, Орталықтан және Қордан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемді, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге берілетін біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және оларды төлеуді қамтамасыз ету; |