«Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы
Осы редакция 2014 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары: 1) бәсекелестік саясат саласында талдамалық және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу; 2) бәсекелестік саясаттағы әлемдік үрдістерді және олардың Қазақстанның тауар нарықтарына әсерін зерделеу; 3) өңірлердегі және экономика салаларындағы бәсекелестік деңгейінің оңтайлы моделін айқындау; 4) тауар нарықтарын монополияландырудан және экономикалық шоғырландырудан, сондай-ақ экономиканы мемлекеттік реттеуден туындайтын экономикалық салдарларды болжау болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігімен (Монополияға қарсы агенттік) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) 2008 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен 90 000 000 (тоқсан миллион) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды; 2) Қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) беруді; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1127 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-111-жолмен толықтырылсын: «21-111. «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ. 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 305-жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) 305. «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ. 3. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 79-құжат): 3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;»; осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын. 4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімдегі «23» деген сандар «25» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 26-жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) 26. «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» акционерлік қоғамы 100%».
Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1127 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» акционерлік қоғамы 100%».
|