Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2010.20.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 30 қарашадағы № 1176 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат): 2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Байжанов Ерлан Сапарұлы» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 14 қыркүйектегі № 807 қаулысымен алып тасталды (бұр ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 30 маусымдағы № 553 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4. «Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 396-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Байжанов - Қазақстан Республикасының Ерлан Сапарұлы Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Алик Жатқамбайұлы Ішкі істер вице-министрі
мына:
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы Ғабидолла Рахматоллаұлы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің »Болашақ» халықаралық стипендиясы бітірушілерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша);
деген жолдағы «агенттігінің төрағасы» деген сөздер «агенттігі төрағасының бірінші орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген құрамнан Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы, Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы шығарылсын. 5. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
|