|
|
|
«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт миннстрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінiң Археография және деректану ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы (2014.23.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі Ақпарат және мұрағат комитетінiң Археография және деректану ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын. 2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi шет елдерде сақтауда тұрған және Қазақстан тарихына қатысы бар құжаттар мен қолжазбаларды анықтау, жинау жөніндегі жұмыстарды әдiстемелiк қамтамасыз ету және үйлестiру, оларды археографиялық сипаттау және Қазақстан туралы шетелдiк мұрағат көздерiнiң бiрыңғай дерекқорын құру болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 5. ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1003 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |