Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы Қазақстан
Осы редакция 2014 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Почта-жинақтау жүйесiн одан әрi дамыту, Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторын белгiлеу және «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазпочта» ашық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы болып белгіленсiн. 2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы ереже бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1386 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы, «Байланыс туралы» 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторының (бұдан әрi - Ұлттық почта операторы) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметтерiн, арнайы байланыс қызметтерiн ұсыну, қаржылық қызметтi және қаржылық қызметтер көрсетудi жүзеге асыру жөніндегі мiндеттемелерiне байланысты өкiлеттiктерiн, негiзгi мiндеттерi мен функцияларын белгiлейдi. 2. Ұлттық почта операторы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы, «Байланыс туралы» 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды және осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Ұлттық почта операторы почта байланысын дамыту саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды iске асыруға қатысады және почта қызметiнiң қағидаттарын басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 21.06.04 ж. № 682 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Ұлттық почта операторы: 1) кез келген елдi мекенде кез келген пайдаланушыға почта байланысы саласындағы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес келетiн почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметтерiн ұсынады; 2) мемлекеттік органдардың аса маңызды хат-хабарларын және қымбат бағалы металдар, зергерлiк бұйымдар, қорғаныс өнеркәсiбiнiң аспаптары, аппаратуралары және жинақтаушы бұйымдары бар арнайы жөнелтiмдердi, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi және оларды жеткiзушiлердi қабылдаудан, сақтаудан, тасымалдаудан және жеткiзiп беруден тұратын арнайы байланыс қызметтерiн жүзеге асырады; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiнiң почта желісін және өндiрiстiк объектiлерiн пайдаланумен қаржылық қызмет пен қаржылық қызметтер көрсетудi ұсынуды жүзеге асырады, соның iшiнде қоса берiлiп отырған Мемлекеттік бағалы қағаздардың және өзге де өтiмдi қаржы құралдарының тiзбесiне сәйкес мерзiмдi депозиттерге тартылатын жеке тұлғалардың салымдарын мемлекеттік бағалы қағаздарға және өзге де өтiмдi қаржы құралдарына орналастырады; 4) халықаралық қайтарым купонын төлемге қабылдауға мiндеттi. 5. Ұлттық почта операторы қолданыстағы заңнамаға сәйкес почта операторының қызметтерiн ұсынады: 1) тiркелетiн почта жөнелтiмдерiн жiберу жөніндегі қызметтердi ұсынады; 2) жедел және курьерлiк почта қызметтерiн ұсынады; 3) почталық ақша аударымдарын жүзеге асырады; 4) жаздырып алатын баспа басылымдарын таратады және оларды сатады; 5) филателия өнiмдерiн сатады. 6. Ұлттық почта операторы почта байланысы саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн түрлерi мен көлемдерiне сәйкес мемлекеттік почта төлемi белгiлерiн шығаруды және оларды сатуды ұйымдастырады. 7. Ұлттық почта операторы почта жөнелтiмдерiн және почталық ақша аударымдарын жiберудi жеделдету мақсатында почта операторларының өндiрiстiк объектiлерiне почта индекстерiн беру жөніндегі ұсыныстарын почта байланысы саласындағы уәкiлеттi органның бекiтуiне енгiзедi. 8. Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметтерiнiң қолжетiмдiлiк деңгейi жөніндегі берiлген сапа параметрлерiн орындау мақсатында Ұлттық почта операторы: 1) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен келісім бойынша әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы почта жәшiктерiнiң санын және орналасатын жерлерiн белгiлейдi; 2) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарына олардың аумақтарында өзiнiң өндiрiстiк объектiлерiн орналастыру, сондай-ақ осы мақсаттар үшiн тұрғын емес үй-жайлар бөлу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. 9. Ұлттық почта операторы өз қызметкерлерiн почта байланысы саласындағы өкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен нысанды киiммен қамтамасыз етуге құқылы. 10. Ұлттық почта операторы өз қызметiн осы Ережеге және Жарғыға сәйкес ұйымдастырады. 11. Ұлттық почта операторын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 21.06.04 ж. № 682 Қаулысымен ереже қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы ережеге қосымша
Мемлекеттік бағалы қағаздардың
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылғандарды қоса алғанда), Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарынан басқа. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі, сондай-ақ орналастыру күнi бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген екiншi деңгейдегi банктердегi және/немесе резидент емес бас банктiң «А» («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтингтiк агенттiктердiң жiктемесi бойынша) немесе «А2» («Moody's Investors Service» рейтингтiк агенттiктiң жiктемесi бойынша) санаттарынан төмен емес ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi және жеке рейтинг бар, еншiлес резидент-банктегi салымдар. 3. «АА»-дан («Standard & Poor's» және «Fitch» рейтингтік агенттiктердiң жiктемесi бойынша) немесе «Аа»-дан («Moody's Investors Service» рейтингтiк агенттiктiң жiктемесi бойынша) төмен емес баға алған шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары. 4. Мынадай халықаралық қаржылық ұйымдар шығарған бағалы қағаздар: Халықаралық қайта құру және даму банкi; Еуропа қайта құру және даму банкi; Америкааралық даму банкi; Халықаралық есеп айырысу банкi; Азия даму банкi; Африка даму банкi; Халықаралық қаржы корпорациясы (The International Finanse Corporation); Ислам даму банкi; Еуропа инвестициялық банкi. 5. Кредиттік рейтингтiң халықаралық шкаласы бойынша «АА»-дан төмен емес («Standard & Poor's» және «Fitch» жiктемесi бойынша) немесе «Аа2»-ден төмен емес («Moody's Investors Service» жiктемесi бойынша) рейтингтiк баға алған шетел мемлекеттерiнiң бағалы қағаздары. 6. Агенттiк облигациялар, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары. 7. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының өзге де мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары. |