Қазақстан Республикасының
1-бап. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 11-бапта: 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) жалпы отырыстың төралқасы;»; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін облыстық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган - Қоғамдық кеңес құрылады. Қоғамдық кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.»; 2) 14-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы облыстық соттың апелляциялық сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді, ал апелляциялық сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының міндеттерін уақытша атқару облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясына жүктеледі. Облыстық соттың кассациялық сот алқасы отырыстарында төрағалық ету облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясына жүктеледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|