Атом энергиясын пайдалану туралы (2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
Осы Заң атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен принциптерiн белгiлейдi және адамдардың денсаулығы мен өмiрiн сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға ядролық қаруды тараптау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-бап толықтырылды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: мемлекеттік реттеу - ядролық және радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі нормалар мен ережелердi әзiрлеу, бекіту және күшiне енгізу, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiн лицензиялау, бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкiлеттi органның қызметi; көму - ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн жағдайда радиоактивтi қалдықтардың оларды қайта алу ниетiнсiз орналастырылуы; атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде атом энергиясын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі; орналастыру пункттерi - радиоактивтi заттарды сақтауға немесе радиоактивтi қалдықтарды көмуге арналған арнаулы тұрақты объектiлер мен құрылыстар; радиациялық қауiпсiздiк - қызметкерлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi белгiлеген нормаларға сәйкес шектейтiн шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген радиациялық жағдайдың жай-күйi; радиоактивтi заттар - құрамында ядросы өздiгiнен ыдырауға қабiлеттi химиялық элементтер бар материалдар; радиоактивтi қалдықтар - мөлшерi мен құрамы нормативтiк құқықтық актiлермен реттелген мәннен асып түсетiн радиоактивтi заттардан тұратын, шаруашылық қызмет нәтижесiнде пайда болған және одан әрi пайдалануға жатпайтын кез келген агрегаттық күйдегi материалдар мен заттар; арнаулы ядролық емес материалдар - ядролық экспортты реттеудiң халықаралық-құқықтық режимiне байланысты, заңнан туындайтын нақ сондай актiлермен айқындалатын материалдар; атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтер ядролық материалдарды өндiру үшiн пайдаланылатын ядролық қондырғылар, жабдықтар, технологиялар, радиоактивтi заттар, арнаулы ядролық емес материалдар, иондандырушы сәуле көздерi, сондай-ақ соларға байланысты қызметтер; атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - атом энергиясы саласындағы мемлекеттік саясатты, ядролық қаруды таратпау мен Қазақстан Республикасында атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды реттеудi iске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. алу деңгейi - белсендiлiк бөлiнiстерiнен көрiнген шамалар кешенi, бұл белсендiлiк жағдайында немесе одан төмен болғанда иондандырушы сәуле көздерi қолданылып жүрген нормаларға сәйкес бақылаудан шығып кетуi мүмкiн; ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық жағынан қорғау - адамдардың ядролық материалдар мен қондырғыларға рұқсатсыз қол жеткiзуiне жол бермеуге бағытталған ұйымдық және техникалық шаралардың бiртұтас жүйесi; сақтау - радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды пайдалану, қайта өңдеу немесе көму үшiн қайтарып алу мүмкiндiгiн көздей отырып, оларды арнайы дайындалған жерлерге (соның iшiнде арнаулы контейнерлерге) уақытша орналастыру; пайдаланушы ұйым - атом энергиясын пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi органның лицензиясы бар ұйым; ядролық қауiпсiздiк - ядролық авариялардың мүмкiн еместiгiн белгiлi бiр ықтималдықпен қамтамасыз ететiн ядролық объектiнiң өзiне тән ерекшелiгi; ядролық материалдар - бөлiнетiн (ыдырайтын) ядролық заттардан тұратын немесе оларды жаңғырта алатын материалдар; ядролық қондырғылар - ядролық реакторлар, оның iшiнде атом станцияларының, ғарыш және ұшу аппараттарының, көлiк құралдарының реакторлары, өнеркәсiптiк, эксперименттiк зерттеу реакторлары, ядролық стендiлер, ядролық материалдарды өндiруге, пайдалануға, қайта өңдеуге, тасымалдауға және орналастыруға арналған басқа да кез келген құрылыстар, кешендер, қондырғылар, жабдықтар мен техникалық құралдар. 2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану мәселелерiн, реттейтiн өзге де заңдық және нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 3-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi: атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; халыққа және қоршаған ортаға атом энергиясы объектiлерiнiң әсерi туралы ақпараттың алуға оңайлығы, объективтiлiгi және уақтылылығы; Қазақстан Республикасы аумағына басқа мемлекеттердiң радиоактивтi қалдықтарын көмуге тыйым салу; атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiкке мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; атом энергиясын пайдаланатын объектiлер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ олар орналасқан аудандарда тұрып, еңбек қызметiн жүзеге асыратын халықтың әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету; радиациялық әсермен келтiрiлген зиянды өтеу; Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатын, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын талқылауға азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де заңды тұлғалардың қатысуы болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы аумағында заңды және жеке тұлғалардың атом қаруын әзiрлеу, жасау, өндiру, сынау, сақтау және тарату мақсатында атом энергиясын пайдалану жөніндегі кез келген қызметiне үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы объектiлер мен субъектiлер Атом энергиясын пайдаланатын объектiлер: ядролық қондырғылар; орналастыру пункттерi; алу деңгейiнен жоғары иондандырушы сәуле көздерi; медициналық, оқу, зерттеу, коммерциялық, ауыл шаруашылық және өнеркәсiптiк, оның iшiнде кен қазушы, қайта өңдеушi, сондай-ақ басқа да ұйымдарды қоса алғанда, иондандырушы сәуле көздерiн пайдаланатын ұйымдар болып табылады. Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектiлер: жеке тұлғалар; өкiлеттi мемлекеттік реттеу, бақылау және басқару органдары; атом энергиясын пайдалану жөніндегі қызметпен айналысатын ұйымдар болып табылады. 5-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң негiзгi түрлерi 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 1. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке мыналар жатады: атом энергиясын пайдаланатын объектiлердi орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру, пайдалану, тоқтатып қою және пайдаланудан шығару; иондандырушы сәуле көздерін алу деңгейінен төмен пайдаланатын сынақ зертханаларын техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген қызметті қоспағанда, атом энергиясын пайдалануға байланысты жұмыстарды атқару мен қызметтер көрсету; ядролық материалдарды, иондандырушы сәуле көздерi мен радиоактивтi заттарды қолдану, құрамында осы материалдар мен заттар бар пайдалы қазбаларды барлау және оларды өндiру, сондай-ақ ядролық материалдарды, радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды өндiру пайдалану, қайта өңдеу, тасымалдау және орналастыру; ядролық қондырғыларды, иондандырушы сәуле көздерiн, ядролық материалдар мен ядролық заттарды пайдалана отырып ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру; атом энергиясын пайдалануды басқару; ядролық жарылыстар өткiзiлетiн жерлердегi қызметтiң барлық түрлерi; атом энергиясын пайдалану кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық жағынан қорғау; ядролық материалдарды, иондандырушы сәуле көздерiн, радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды есепке алу және бақылау; ядролық материалдардың, технологиялар мен жабдықтардың, арнаулы ядролық емес материалдардың, қос мақсаттағы материалдардың, технологиялар мен жабдықтардың иондандырушы сәуле көздерiнiң, радиоактивтi заттардың экспорты мен импорты; Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайды бақылау; ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттi тасымалдау; мамандар мен қызметкерлердi даярлау және аттестациялау. 2. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметтiң барлық түрлерi мемлекет тарапынан үнемi бақылау арқылы жүзеге асырылады. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 3-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
6-бап. Атом энергиясын пайдалану объектiлерiне меншiк Меншiктiң кез келген нысанындағы заңды тұлғалар ғана атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң иелерi бола алады. 2-тарау. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік органдары
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 7-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң атом энергиясын пайдалану саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды мемлекеттік реттеуді, персонал мен халыққа радиациялық әсерi бар атом энергиясын пайдаланатын қызмет түрлерiн бақылауды және лицензиялауды; 2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) атом энергетикасы мен өнеркәсiбiн басқаруды және дамытуды айқындайды. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті органның құзыреті: 1) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде және оны орындау үшін атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті регламенттейтін нормалар мен қағидаларды әзірлеу, белгілеу және қабылдау; 3) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру және лицензиялардың қолданылу шарттарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуын тексеру; 4) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру; 5) өз өкілеттігін атқаруға байланысты инспекциялар жүргізу; 6) Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 7) ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерін мемлекеттік есепке алу мен бақылауды жүзеге асыру; 8) жеке және заңды тұлғалардан өздеріне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратуды және алуды жүзеге асыру; 9) осы Заңды бұзу фактілері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тарту туралы мәселелерді шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдарды беру; 10) атом энергиясын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша және ядролық қаруды таратпау мен ядролық материалдарды бақылау проблемалары бойынша басқа мемлекеттердің өкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту болып табылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9-бап. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының құқықтары Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары тiкелей өз мiндеттерiн атқару кезiнде: белгiленген тәртiп бойынша атом энергиясын пайдалану объектiлерiне кедергiсiз кiрiп, олардың қызметiн сипаттайтын құжаттарды алуға; халықтың немесе қоршаған ортаның қауiпсiздiгiне қатер төндiрген жағдайда заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметiн тоқтата тұруға немесе тоқтату туралы мәселе қоюға құқылы. 10-бап. Уәкiлеттi органның тәуелсiздiгi Уәкiлеттi орган атом энергиясын дамыту мен пайдалануға байланысты қызмет атқаратын өзге де атқарушы органдарға, ұйымдарға әкiмшiлiк және қаржы жағынан тәуелсiз. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдардың қызметiне олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде кедергi жасауға жол берiлмейдi. 3-тарау. Атом энергиясын пайдалану пайдалануға байланысты қызметтiң мiндеттi шарттары
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 11-бап. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi түрде лицензиялануға тиiс. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12-бап. Ядролық және радиациялық қауiпсiздiк 1. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет халық денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, иондандырушы сәуленің зиянды әсерінен жеке және заңды тұлғалар мүлкінің қорғалуы қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асырылады. 2. Пайдаланушы ұйым табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке байланысты кез келген авария және (немесе) авариялық жағдай туралы және (немесе) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке арналған лицензияның қолданылу шарттарының бұзылуы туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті. 3. Ядролық және радиациялық қауiпсiздiкті ядролық қондырғылармен, ядролық материалдармен, радиоактивтiк қалдықтармен, радиоактивтiк қалдықтар және (немесе) пайдаланылған ядролық отын сақтау қоймаларымен, алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттармен, құрамында алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттар бар немесе иондандырушы сәуле шығаратын (шығаруға қабілетті) аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуді немесе қандай да бір іс-қимылдарды, операцияларды орындауды қоса алғанда, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет қауіпсіздігі саласындағы белгіленген нормалар мен ережелерге сәйкес пайдаланушы ұйым қамтамасыз етеді, атап айтқанда: ядролық қондырғылар: жалпы мақсаттағы ядролық қондырғылар; ядролық отынды дайындау және өндіру жөніндегі қондырғылар; реактордың түрі көрсетілген атомдық энергетикалық қондырғылар; реактордың түрі көрсетілген зерттеу атом реакторлары. Орналастыру пункттері: жалпы мақсаттағы радиоактивтік қалдықтарды орналастыру пункттері (сақтау қоймалары); белсенділігі жоғары радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары; белсенділігі орташа радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары; белсенділігі төмен радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары; пайдаланылған ядролық отын қоймалары. Заттар мен материалдар: изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдар; радиоактивтік элементтер құрамы, белсендiлiктің шекті деңгейі және радиоактивтік заттардың агрегаттық жай-күйі көрсетілген алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттар. Радиоактивтік қалдықтар: белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі жоғары радиоактивтік қалдықтар; белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі орташа радиоактивтік қалдықтар; белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі төмен радиоактивтік қалдықтар. Өнеркәсіптік жабдық: жалпы мақсаттағы өнеркәсіптік рентген жабдығы; жалпы мақсаттағы өнеркәсіптік радиоизотоптық жабдық; радиоизотоптық датчиктер мен өлшеуіштер; рентгендік дефектоскоптар; радиоизотоптық дефектоскоптар; рентгендік анализаторлар; рентгендік тексеріп қарау жабдығы; радиоизотоптық тексеріп қарау жабдығы; зарядталған бөлшектердің үдеткіштері негізіндегі тексеріп-қарау жабдығы; зарядталған бөлшектердің өнеркәсіптік үдеткіштері. Медициналық диагностикалық жабдық: жалпы мақсаттағы медициналық рентген жабдығы; медициналық рентгендік дентальдық жабдық; медициналық рентгендік маммографиялық жабдық; медициналық рентгендтік ангиографиялық жабдық; медициналық компьютерлік рентгендік томографтар; медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдық; зарядталған бөлшектердің медициналық үдеткіштері. Медициналық терапиялық жабдық: медициналық терапиялық рентген жабдығы; медициналық рентгендік симуляторлар; зарядталған бөлшектердің медициналық үдеткіштері; медициналық гамма-терапиялық қондырғылар.
13-бап. Радиоактивтi қалдықтармен айналысу 1. Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын радиоактивтi қалдықтардың бәрi олар потенциалды қауiп туғызуы мүмкiн уақыт iшіндегі бүкiл кезеңде халық пен қоршаған ортаны радиациялық қорғауды қамтамасыз ететiндей түрде көмiлуге тиiс. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Радиоактивтi қалдықтарды орналастыру радиоактивтi қалдықтардың пайда болуына алып келетiн кез келген қызмет түрiнiң мiндеттi кезеңi ретiнде жобалық және техникалық құжаттамада көзделуге тиiс. Радиоактивтi қалдықтарды жинау мен көмудi ұйымдастыру тәртiбiн, сондай-ақ бұл қызметтi жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындайды. 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген экологиялық талаптар сақталуға тиіс.
14-бап. Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық жағынан қорғау 1. Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық жағынан қорғау ядролық материалдармен операциялар жүргiзiлетiн объектiлердiң құрылысын салудың, пайдаланудың және пайдаланудан шығарудың барлық кезеңдерiнде, сондай-ақ сол материалдарды тасымалдау кезiнде жүзеге асырылады. 2. Егер физикалық жағынан қорғау талаптарын орындауды қамтамасыз ететiн шаралар қолданылмаса, ядролық қондырғылардың пайдаланылуына және кез келген дайындау, пайдалану, қайта өңдеу немесе сақтау сатысындағы ядролық материалдарға байланысты кез келген жұмыстың жүргiзiлуiне тыйым салынады. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Ядролық материалдар мен ядролық қондырғылардың физикалық қорғалуын пайдаланушы ұйымдар қамтамасыз етедi. Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдардың физикалық қорғалуының қамтамасыз етілуін бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
15-бап. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiн есепке алу және бақылау 1. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерi мемлекеттік есепке алынып, бақылануға тиiс. Осы мақсат үшiн уәкiлеттi орган ядролық материалдарды және иондандырушы сәуле көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерiн құрады. 2. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерi ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiнiң қолда бар мөлшерiн, олардың орналасқан жерлерiн анықтауды, жоғалуына, рұқсатсыз пайдаланылуына және ұрлануына жол бермеудi, Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органына , ал халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда халықаралық ұйымдар мен басқа да мемлекеттерге ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiнiң болуы мен орын ауыстыруы туралы жедел ақпарат, сондай-ақ көздердiң есептен шығарылуы мен көмiлуi туралы, көздер мен ядролық материалдардың экспорты және импорты туралы мәлiметтер берiп отыруды қамтамасыз етедi. 3. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерi пайдаланылатын қызметтi жүзеге асыратын пайдаланушы ұйым олардың есепке алынуын және уәкiлеттi органға айқын деректер берiлуiн қамтамасыз етедi. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттiк жүйелерiн ұйымдастыру тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 16-бап. Ядролық қондырғылар мен орналастыру пункттерi алаңдарын таңдау және оларды салу кезiнде қауiпсiздiкке қойылатын негiзгi талаптар Ядролық қондырғылар мен орналастыру пункттерi алаңдарын таңдау және оларды салу атом энергиясын пайдалану саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормалар мен ережелер негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс. Ядролық қондырғы мен орналастыру пунктiн салу туралы шешiмдi тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өкілді органдарының келісімімен Қазақстан Республикасының Үкіметі: елдiң және оның жекелеген аймақтарының шаруашылық мiндеттерiн шешу үшiн оларға деген қажеттiлiктердi; аталған объектiлердi орналастыру үшiн атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен ережелерге сай келетiн қажеттi жағдайлардың болуын; таяу орналасқан азаматтық және әскери объектiлер тарапынан аталған объектiлер қауiпсiздiгiне қатер төнбеуiн; Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарды; аталған объектiлердi орналастырудың аймақтың өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылық, әлеуметтiк және мәдени-тұрмыстық дамуы үшiн ықтимал әлеуметтiк және экономикалық зардаптарын ескере отырып қабылдайды. Аталған объектiлердiң жобалық құжаттары мiндеттi түрде экологиялық, санитарлық және техникалық сараптамадан өтедi.
17-бап. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiн тасымалдау жөніндегі талаптар 1. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады. 2. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiн тасымалдау ережелерi жүк жөнелтушiлердiң, тасымалдаушының және жүк алушының құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, қауiпсiздiк, физикалық қорғау шараларын, көлiк оқиғалары мен аварияларға жол бермеу жөніндегі келісілген шаралар жүйесiн, буып-түюге, таңбалауға және көлiк құралдарына қойылатын талаптарды, ықтимал авариялардың зардаптарын шектеу және жою жөніндегі шараларды көздеуге тиiс. 18-бап. Пайдаланушы ұйымға қойылатын негiзгi талаптар 1. Пайдаланушы ұйым ядролық қондырғының, иондандырушы сәуле көзiнiң, орналастыру пунктiнiң қауiпсiздiгi үшiн, сондай-ақ ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды тиiстi дәрежеде пайдаланбағаны үшiн толығымен жауап бередi. Ядролық қондырғының, иондандырушы сәуле көздерiнiң, орналастыру пунктiнiң қауiпсiздiгi үшiн жауапкершiлiк аталған объектiлер басқа пайдаланушы ұйымға берiлгенге немесе жаңа лицензия алынғанға дейiн лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайдың өзiнде сақталады. атом энергиясының объектiлерiн пайдалану кезіндегі қызметтiң барлық кезеңдерiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жететiндей қажеттi қаржыға, материалдық-техникалық және адам ресурстарына ие болуға; атом энергиясын пайдаланатын объектiлердi пайдаланудан шығаруға, аумақты жаңғыртуға, радиоактивтi қалдықтарды көмуге, авариялық ахуалдың зардаптарын жоюға, адамдардың денсаулығы мен өмiрiне және қоршаған ортаға, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеуге байланысты жұмыстарды атқаруға арналған шараларды қарастырып, оларды қаражатпен қамтамасыз етуге мiндеттi. 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді 3. Пайдаланушы ұйым: ядролық қондырғыны, иондандырушы сәуле көзiн және орналастыру пунктiн тек олар арналған мақсаттарға ғана пайдаланылуын; |