«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 95 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 133 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 95 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2214 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 мамырында № 72-74 (17929-17931) «Ақ жол» және № 51 (17924) «Знамя труда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|