2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР 2015 жылғы 19 мамырдағы № 313-V Заңымен ратификацияланды 2015 жылғы 29 мамырда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі 2009 жылғы 6 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) шеңберінде Тараптар арасындағы салықтық реттеуді қамтамасыз ету арқылы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін, сондай-ақ ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін жеткізу және пайдалану кезінде Тараптардың ынтымақтастығын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, Келісімнің 13-бабын негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Келісімнің 2-бабы 8) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Француз тарапынан - АСТРИУМ САС ықшамдалған типтегі акционерлік қоғамның қазақстандық филиалын қоса алғанда, Нантер сауда палатасында 393 341 516 нөмірімен тіркелген 16 587 728 капиталы бар Astrium SAS ықшамдалған типтегі француз акционерлік қоғамы;». Келісімнің 9-бабының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «9-бап. Кедендік және салықтық реттеу». Келісімнің 9-бабы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Осы Келісім шеңберінде Тараптардың ынтымақтасушы ұйымдары арасында тауарларды жеткізу, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету осы Келісім күшіне енген күннен бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасында қосылған құн салығынан босатылуға жатады. Осы Келісім шеңберінде қосылған құн салығынан босату үшін жеткілікті негіз болып табылатын құжаттар: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|