Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы (2013.16.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2013.16.04. № 366 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.03.05 № 362 (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2007.12.04 № 294 Қаулыларымен; ҚР Үкіметінің 2007.18.10 № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.21.11. № 1080 (бұр.ред.қара); 2009.12.03. № 294 (бұр.ред.қара); 2009.24.03. № 388 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.04. № 366 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттеріне, мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және/немесе мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар), заңнамада белгіленген тәртіппен жыл сайын: 1) ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 2) ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 (бұр. ред. қара); 2007.31.07 № 647 (бұр.ред.қара); 2008.31.07. № 725 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 3) тармақша өзгертілді 3) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін айқындауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын қарау және бекіту кезінде: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдарға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік жеңiл автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiне ұқсас акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсiпорындардың) қызметтiк жеңiл автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативiне; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормаларынан аспайтын мөлшерде акционерлік қоғамдардың (мемлекеттік кәсіпорындардың) әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларына; оларға сәйкес тәулiкақы мөлшерi және тұрғын үйдi жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу үшiн шектi мөлшерлер Қазақстан Республикасының шегіндегі iссапарлар үшiн Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысымен белгiленген шетел валютасындағы iссапар шығыстарын өтеу нормаларынан аспауы тиiс «Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысымен бекітілген ережеге ұқсас. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсiпорындардың) қызметкерлерiне шығыстарын өтеу тәртібі мен шарттарына сәйкес кейбір шығыстардың лимиттерiн бекiтсiн; ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 4) акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (мемлекеттік кәсіпорындардың) қаражаты есебінен ұялы телефондарды сатып алуға, сондай-ақ ұялы телефондардан шығатын шығыс қоңырауларына ақы төлеуге жол берілмейді; ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5) мемлекеттік органмен (мемлекеттік кәсіпорындар үшін мемлекеттік басқару органымен) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсіпорындардың) бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдік іссапарларын келісу міндеттілігін қамтамасыз етсін; 6) өкiлдiк шығыстарының лимиттерiн белгiлесiн. ҚР Үкіметінің 2009.24.03. № 388 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. ҚР Үкіметінің 2011.13.09. № 1043 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 335 Қаулысымен 1-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.13.09. № 1043 Қаулысымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қор) қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компанияларға дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі заңды тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларға ұқсас шаралар қабылдау ұсынылсын. ҚР Үкіметінің 2011.13.09. № 1043 Қаулысымен 1-3-тармақпен толықтырылды 1-3. Қорға осы қаулының 1-тармағында көрсетілген әкімшілік шығыстардың лимиттерін Қор үшін Қор директорлар кеңесінің шешімімен, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында Қорға тиесілі заңды тұлғалар үшін Қор басқармасының шешімімен белгілеу жөнінде белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау ұсынылсын. ҚР Үкіметінің 2013.16.04. № 366 Қаулысымен 1-4-тармақпен толықтырылды 1-4. Тиісті салалардың уәкілетті органдары ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты: 1) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлері бойынша арнайы көлік құралдарының тиістілік нормативтерін бекітсін; 2) олардың құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдерін айқындасын. 2. Осы қаулының күші қолданылатын, басым (монополиялық) орын алатын табиғи монополия субъектiлерi мен рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетудi (тауарларды, жұмыстарды) өндiруiне және ұсынуына бағаларды (тарифтердi) есептеу кезiнде ескерiлетiн шығыстардың лимиттерi монополияға қарсы заңнамаға сәйкес анықталады. 3. «Акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 22 тамыздағы № 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 389-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1, 2, 3-тармақтар алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
|