«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы (2016.04.03. берілген өзгерістермен)
Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 502 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін. 2. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 200 «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 шілдеде «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2014 жылғы 27 қазандағы № 528 қаулысымен бекітілген
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
1. Жалпы ережелер
1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің шегінде облыстың білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің осы Ереженің қоса беріліп отырған тізбесіне сәйкес ведомстволары бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|