Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерін бекіту туралы
Осы редакция 2014 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1481 қаулысымен бекітілген Жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлері мен көлемінің 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қоса беріліп отырған түрлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева): 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсына орналастыруды; 2) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына жеткізуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|