Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидаларын бекіту туралы (2018.16.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.16.02. № 51 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 167-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесі бекітілсін. 2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Н. А. Аязбаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.16.02. № 51 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 76 бұйрығымен бекітілген
Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидалары
1. Осы Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) орталық мемлекеттік органдардың жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер (бұдан әрі - өтінімдер) беру тәртібін айқындайды. 2. Орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, уәкілетті органның қарауына: 1) байланысты грантты алушы туралы ақпаратты; 2) болжамды донор туралы ақпаратты; 3) грант сомасы туралы ақпаратты; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|