Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (2018.20.04 берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 592 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтыру) бекітілсін. 2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 6 және 7-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1283 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде): «Екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген бөлімде: «0С Материалдар» деген кіші бөлімде: 2-ескерту: В 0С004-тің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: « QвАв Мұндағы СF - қайта есептеу коэффициенті= ---------- z Az»; «1E Технология» деген кіші бөлімде: 1Е101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1Е101 «Технологиялар» 1A102, 1B001, 1B101, 1B102, 1B115 - 1B119, 1C001, 1C101, 1C107, 1C111 - 1C118, 1D101 немесе 1D103-тармақтарға сәйкес бақылауға жататын тауарларды «пайдалану» үшін жалпы технологиялық ескертуге сәйкес.»; «7-Санат Навигациялық жабдық және авиациялық электроника» деген кіші бөлімде: 7А101 деген бөлікте: Техникалық ескертудің 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|