Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2014 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы аралық соттары құрылуының, қызметiнiң, сондай-ақ шешiмдерi орындалуының тәртібін реттейдi.
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дауларға қатысты қолданылады.
2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) аралық келiсiм - тараптардың азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды аралық соттың қарауына беру туралы жазбаша келiсiмi; 2) аралық сот - тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот, биржалық төрелік немесе тараптар нақты дауды шешу үшiн құрған аралық сот (бұдан әрi - нақты дауды шешуге арналған аралық сот); 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) аралық сотта талқылау - аралық сотта дауды қарау және аралық соттың шешім қабылдау процесi; 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) аралық сотта талқылау тараптары - араларында аралық келісім жасасылған қуынушы мен жауапкер; 4) аралық соттың регламентi - тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың, биржалық төреліктің қызметiн ұйымдастыру тәртібі; 5) аралық судья - аралық сотта дауды шешу үшiн осы Заңның нормаларына сәйкес тараптар сайлаған немесе тараптар келiскен тәртiппен тағайындалған жеке адам; 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) Қазақстан Республикасының жария тәртiбi - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекітілген мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негіздері; 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) құзыреттi сот - тараптар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар туралы iстердi Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес бiрiншi сатыда қарауға уәкiлеттiк берілген Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң соты; 7) iскерлiк айналымның әдет-ғұрыптары - қандай да бiр құжатта тiркелгенi-тiркелмегенiне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттар саласында қалыптасқан және кеңiнен қолданылатын мiнез-құлық ережелерi. 3-бап. Қазақстан Республикасының аралық соттар туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының аралық соттар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 4-бап. Аралық сотта iс қарау принциптерi Аралық сотта iс қарау: 1) туындаған дау бойынша аралық сотта iс қарауды жүзеге асыру тәртібі мен талаптары мәселелерiн тараптардың өзара алдын ала келiсуi бойынша өз бетiнше шешуге құқығы бар екендiгiн бiлдiретiн тараптар еркiнiң дербестiгi; 2) аралық судьялар мен соттар өз шешiмдерiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң ғана нормаларын басшылыққа алатынын бiлдiретiн заңдылық; 3) аралық судьялар мен соттардың өздерiне берiлген дауларды шешу кезiнде тәуелсiз екенiн, шешiмдi оларға қандай да бiр ықпал етудi болғызбайтын жағдайларда қабылдайтынын бiлдiретiн тәуелсiздiк; 4) тараптардың аралық сотта iс қарауда бiрдей құқық көлемiн пайдаланатынын және бiрдей мiндеттер көлемiн мойнына алатынын, өз ұстанымын, оны қорғау тәсiлдерi мен құралдарын аралық соттан, басқа да органдар мен тұлғалардан дербес және тәуелсiз таңдауын бiлдiретiн жарыспалылығы мен тең құқылы болуы; 5) аралық судьялар мен соттар өздерiне берiлген дауларды шешу кезiнде және аралық сотта iс қараудың тараптары белгiленген талаптарды, қоғамның имандылық принциптерiн және iскерлiк әдеп ережелерiн сақтай отырып, адал әрекет етуге тиiс екенiн бiлдiретiн әдiлеттілік; 6) азаматтың тиiстi органға ақпаратты хабарлау мiндетi заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, аралық судьялардың аралық сотта iс қарау барысында белгiлi болған мәлiметтердi тараптардың немесе олардың құқық мирасқорларының келісімiнсiз жария етуге құқығы жоқтығын және аралық сотта iс қарау барысында өздерiне белгілi болған мәлiметтер туралы куәлар ретiнде олардан жауап алынбайтынын бiлдiретiн құпиялылық принциптерi сақтала отырып жүзеге асырылады. 2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап. Аралық соттардың түрлерi 1. Қазақстан Республикасында аралық соттар тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот, биржалық төрелік немесе нақты дауды шешуге арналған аралық сот түрінде құрылуы мүмкін. 2. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және олардың бiрлестiктерi (қауымдастықтары, одақтары) құра алады. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотты құру үшiн осы тармақта көрсетiлген тұлғалар аралық соттың регламентiн, осы аралық сотта қызметтi жүзеге асыратын аралық судьялардың тiзiмiн бекiтуге тиiс. 2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 2-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 2-1. Биржалық мәмілелер жасасуға байланысты дауларды шешуге арналған биржалық төрелікті тұрақты жұмыс істейтін төрелік ретінде тауар биржасы құрады. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті құру үшін тауар биржасы аралық соттың регламентін, осы аралық сотта қызметін жүзеге асыратын аралық судьялардың тізімін бекітуге тиіс. 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Нақты дауды қарауға арналған аралық сотты тараптар өздерiнiң азаматтық-құқықтық қатынастарынан туындаған дауды шешу үшiн құрады және ол осы дау шешiлгенге дейiн немесе тараптар дауды құзыреттi сотқа беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн әрекет етеді. Нақты дауды шешу үшiн құрылатын аралық сот қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртібі тараптардың келісімiмен айқындалады. 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасында аралық соттар мемлекеттiк органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жанынан құрыла алмайды, сондай-ақ оларды табиғи монополиялар субъектілері және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілер құра алмайды.
6-бап. Аралық соттың қызметiнде қолданылатын құқық 1. Аралық сот дауларды Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес қарайды. 2. Аралық сот шешiмдi шарттың талаптарына сәйкес және iскерлiк айналымның әдет-ғұрыптарын ескере отырып қабылдайды. 3. Даулы қатынастарды реттейтiн құқық нормалары болмаған жағдайда, аралық сот ұқсас құқық қатынастарын реттейтiн құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған кезде, дауды заңдардың жалпы бастаулары мен мағынасын негiзге алып шешедi. 2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап. Дауды аралық соттың шешуiне беру 1. Тараптар арасында жасалған аралық келісім болған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес, дау аралық соттың қарауына берiлуi мүмкiн. 2. Тараптар өздерiнiң арасында қандай да бiр нақты құқық қатынастарына байланысты туындаған немесе туындауы мүмкiн дауларға қатысты аралық келісім жасасуы мүмкiн. 3. 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Құзыреттi соттың қарауындағы дауға қатысты аралық келісім аталған сот дау бойынша шешiм қабылдағанға дейiн жасалуы мүмкiн. 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың, кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың, аралық келiсiмге қатысушылар болып табылмайтын адамдардың мүдделерiн қозғайтын даулар, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектiлердiң көрсетiлетiн қызметтердi ұсынуы, жұмыстарды орындауы, тауарларды өндiруі туралы шарттардан туындаған, сондай-ақ банкроттық немесе оңалту туралы iстер жөнiндегi даулар аралық соттардың ведомстволық қарауына жатпайды. 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды 6. Аралық сот мүлiктiк қатынастарға байланысты емес, адамның өмiрі мен денсаулығына, жеке өмiріне қол сұғылмаушылыққа, жеке және отбасы құпиясына, атын алу құқығына байланысты жеке мүліктік емес қатынастардан туындайтын дауларды қарауға құқылы емес.
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды 7-1-бап. Аралық келісім және құзыретті сотта даудың мәні бойынша қуыным беру 1. Аралық сотта талқылау нысанасы бойынша қуыным берілген құзыретті сот, егер тараптардың кез келгені даудың мәні бойынша өзінің алғашқы өтінішін беруден кешіктірмей бұл туралы өтініш білдірсе, егер аралық келісімді жарамсыз, күші жойылған немесе орындала алмайды деп таппаса, тараптарды аралық сотқа жіберуге тиіс. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қуынымды құзыретті сотқа беру, құзыретті сот аралық сотта талқылау нысанасының өзінде қаралуға жататындығы туралы мәселені қарағанша, басталуы немесе жалғастырылуы және аралық шешім шығарылуы мүмкін аралық сотта талқылауды шектемейді.
8-бап. Аралық соттың қызметiне араласуға жол берiлмеушiлiк Мемлекеттік органдардың және өзге де мекемелердiң аралық соттың қызметiне араласуына, бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берiлмейдi. 2010.05.02. № 249-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-бап. Аралық сотта iс қарау тілі 1. Аралық соттарда iс жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi, ал қажет болған кезде тараптардың келісімi бойынша орыс тілі немесе өзге де тiлдер қазақ тілімен тең қолданылады. 2. Тараптар аралық сотта iс қарау тілі туралы келісімге қол жеткiзбеген жағдайда, аралық сотта iс қарау тілін аралық сот белгiлейдi. 3. Аралық сотта iс қарау жүргiзiлiп отырған тiлдi меңгермеген iске қатысушы адамдарға аудармашы арқылы iс материалдарымен танысу, аралық соттың iс-әрекетiне қатысу құқығы, аралық сотта ана тілінде сөйлеу құқығы қамтамасыз етiледi. 4. Құжаттар мен өзге де материалдарды аралық сотта iс қарау тілінде ұсынбаған тарап олардың аудармасын қамтамасыз етедi. 5. Құжаттар мен өзге де материалдар iске қатысушы адамдарға олардың ана тiліндегі немесе олар бiлетiн басқа тiлдегi аудармасында табыс етiледi. 10-бап. Аралық келісімнiң нысаны және мазмұны 1. Аралық келісім жазбаша нысанда жасалады. Аралық келісім, егер тараптар қол қойған, не хаттар, телетайп, телеграф арқылы хабарлар алмасу жолымен немесе мұндай келісімнiң тiркелгенiн қамтамасыз ететiн электрондық немесе өзге де байланыстың басқа да құралдарын пайдалана отырып жасалған құжатта болса, жазбаша нысанда жасалған болып есептеледi. 2. Дауды аралық соттың шешуiне беру туралы талап қамтылған құжатқа шарттағы сiлтеме шарт жазбаша нысанда жасалған және осы сiлтеме аралық келісімдi шарттың бiр бөлiгі жасайтын жағдайда, аралық келісім болып табылады. 3. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда дауды тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотқа беру кезiнде тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентi аралық келісімнiң ажырамас бөлiгі ретiнде қаралады. 4. Аралық келісімнiң қолданылуы тараптардың келісімiмен ол жасалған тәртiппен тоқтатылуы мүмкiн.
2010.05.02. № 249-ІV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 11-бап. Аралық соттардың судьяларына қойылатын талаптар 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қажеттi бiлiмге ие, жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде екі жыл жұмыс өтілі бар, жиырма бес жасқа толған және аралық судьяның мiндеттерiн орындауға келiсiм берген, тараптардан тәуелсiз және iстiң нәтижесiне мүдделi емес жеке тұлға аралық судья болып сайлануы (тағайындалуы) мүмкiн. 2. Дауды жеке-дара шешетiн аралық судьяның жоғары заңгерлiк білімi және заңгерлiк мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы болуға тиiс. Дау алқалы түрде шешiлетiн жағдайда аралық сот құрамы төрағасының жоғары заңгерлiк білімi болуға тиiс. 3. Аралық судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарды тараптар тiкелей соттың құрамын түзу кезiнде айқындайды немесе олар тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттардағы ережелермен (регламенттермен) айқындалады. 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен - құзыреттi соттың судьясы болып сайланған немесе тағайындалған; 2) заңда белгiленген тәртiппен сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған; 3) соттылығы алынбаған немесе өтелмеген не қылмыс жасады деп айып тағылған; 4) мемлекеттік қызметші, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, өз қызметін тұрақты немесе мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ағысы төленетін, жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаты және әскери қызметші болып табылатын адам аралық судья бола алмайды.
12-бап. Аралық судьялардың дауды қарау кезіндегі саны 1. Тараптар аралық судьялардың санын белгiлеуге құқылы, олардың саны тақ болуға тиiс. 2. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда дауды аралық сотта шешу үшiн үш аралық судья сайланады (тағайындалады). 13-бап. Аралық соттың құрамы 1. Аралық соттың құрамын түзу аралық судьяларды (аралық судьяны) сайлау (тағайындау) арқылы жүргiзiледi. 2. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотта аралық соттың құрамын түзу тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 3. Аралық сотта нақты дауды шешуге арналған аралық соттың құрамын түзу тараптармен келісілген тәртiппен жүргiзiледi. 4. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда нақты дауды шешуге арналған аралық соттың құрамын түзу мынадай тәртiппен жүргiзiледi: 1) үш аралық судьядан тұратын аралық соттың құрамын түзу кезiнде әр тарап бiр аралық судьяны сайлайды, ал осылай сайланған екi аралық судья үшiншi аралық судьяны сайлайды. Егер тараптардың бiрi басқа тараптан бұл туралы өтiнiш алғаннан кейiн он бес күн iшiнде аралық судьяны сайламаса немесе сайланған екi судья өздерi сайланғаннан кейiн он бес күн iшiнде үшiншi аралық судьяны сайламаса, онда аралық сотта дауды қарау тоқтатылады және бұл дау құзыреттi соттың шешуiне берiлуi мүмкiн; 2) егер дау аралық судьяның жеке-дара шешуiне жатса және бiр тарап басқа тарапқа аралық судьяны сайлау туралы ұсыныспен жүгiнгеннен кейiн тараптар он бес күн iшiнде аралық судьяны сайламаса, онда аралық сотта дауды қарау тоқтатылады және бұл дау құзыреттi соттың шешуiне берiлуi мүмкiн.
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды 13-1-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот қызметінің шарттары Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот өзінің аралық судьяларының тізілімін жүргізеді. Заңды мекенжайын және регламентін қоса алғанда, тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот туралы ақпарат, сондай-ақ аралық судьялар тізілімі жеке және заңды тұлғалардың еркін танысуы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда да орналастырылады. Аралық соттың шешімдері туралы ақпарат дау тараптарының келісімі болған кезде орналастырылады. Аралық судьялар тізілімі аралық судьяның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), жұмыс орны, лауазымы мен жұмыс кезеңі көрсетіле отырып, жұмыс тәжірибесін, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағын (болған кезде), қараған істерінің санын қамтуға тиіс.
14-бап. Аралық судьядан бас тарту 1. Аралық судья осы Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тараптар судьядан бас тарту туралы мәлiмдеуi мүмкiн. 2. Қандай да бiр жеке адамға оны аралық судья етiп сайлау (тағайындау) мүмкiндiгiне байланысты жүгiнген жағдайда, аталған адам осы Заңның 11-бабына сәйкес одан бас тарту үшiн негiз болып табылатын мән-жайлардың бар екендiгi туралы хабарлауға тиiс. Егер көрсетiлген мән-жайлар аралық сотта iс қарау кезiнде туындаған жағдайда, аралық судья бұл туралы тараптарға дереу хабарлауға және өздігінен бас тартатынын мәлiмдеуге тиiс. 3. Тарап, егер бас тарту үшiн негiздер болып табылатын мән-жайлар оған осы аралық судьяны өзi сайлағаннан кейiн белгiлi болған жағдайда ғана, ол осы бапқа сәйкес өзi сайлаған аралық судьядан бас тартатынын мәлiмдеуi мүмкін. 4. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотта аралық судьядан бас тарту рәсімі тұрақты жұмыс істейтін apaлық соттың регламентiмен айқындалуы мүмкін. 5. Нақты дауды шешуге арналған аралық сотта тараптар аралық судьядан бас тарту рәсiмiн келiсуi мүмкiн. 6. Егер аралық судьядан бас тарту рәсiмi тараптармен келісілмесе немесе тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiнде айқындалмаса, онда тарап аралық судьядан бас тарту туралы дәлелдi жазбаша өтiнiштi аралық соттың құрамы түзiлгенi және осы Заңның 11-бабына сәйкес аралық судьядан бас тарту үшiн негiздер бар екендiгi туралы белгiлi болғаннан кейiн бес күн iшiнде беруге тиiс. Егер бас тарту мәлiмделген аралық судья өздiгiнен бас тартпаса немесе басқа тарап аралық судьядан бас тартумен келiспесе, онда аралық соттың құрамына кiретiн аралық судьялар аралық судьядан бас тарту туралы мәселенi тараптардың жазбаша дәлелдi өтiнiшi алынған сәттен бастап он күн мерзiмде шешедi. Дауды жеке-дара қарайтын аралық судьядан бас тарту туралы мәселенi сол аралық судья шешедi. 15-бап. Аралық судьяның өкiлеттiктерiн тоқтату 1. Аралық судьяның өздiгiнен бас тартуына немесе аралық судьяның осы Заңда көзделген негiздер бойынша бас тартуына байланысты, сондай-ақ аралық судья қайтыс болған жағдайда, тараптардың келісімi бойынша аралық судьяның өкілеттіктері тоқтатылуы мүмкiн. 2. Аралық судьяның өкiлеттiктерi нақты iс бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн тоқтатылады. Осы Заңның 37-40-баптарында көзделген жағдайларда аралық судьяның өкiлеттiктерi қайта басталады, ал содан кейiн аталған баптарда көзделген iс жүргiзу әрекеттерi жасалған соң тоқтатылады. 16-бап. Аралық судьяны ауыстыру Аралық судьяның өкiлеттiктерi тоқтатылған жағдайда, ауыстырылатын аралық судья сайланған (тағайындаған) кезде қолданылған ережелерге сәйкес басқа аралық судья сайланады (тағайындалады).
3-тарау. Аралық сотта дауды шешуге байланысты шығыстар 17-бап. Аралық сотта дауды шешуге байланысты шығыстар 1. Аралық сотта дауды шешуге байланысты шығыстарға: аралық судьялардың гонорары; аралық судьялардың аралық сотта iс қарауына қатысуға байланысты шеккен шығыстары, соның iшiнде дау қаралатын жерге жол жүру, онда тұру мен тамақтану ақысының шығыстары; сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға төленуге тиiстi сомалар; аралық судьялардың жазбаша және заттай дәлелдемелердi олардың тұрған жерiнде қарап көруге және зерттеуге байланысты шеккен шығыстары; куәлар шеккен шығыстар; аралық соттың шешiмi өз пайдасына шығарылған тараптың өкiл көрсеткен қызметтердiң ақысын төлеуге жұмсаған шығыстары; аралық соттың iс қарауын ұйымдастыруға және материалдық қамтамасыз етiлуiне жұмсалған шығыстар кiредi. 2. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотта аралық судьялар гонорарының мөлшерiн тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiнде көзделген аралық судьялар гонорарларының шкаласына сәйкес аралық соттың құрамы айқындайды. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiнде судьялар гонорарының белгіленген мөлшерiне нұсқау болмаған кезде, аралық сот аралық судья гонорарының мөлшерiн дау бойынша сотта iс қараудың әрбiр нақты жағдайында, талап-арыздың бағасын, даудың күрделiлiгiн, аралық судьялардың аралық сотта iс қарауға кеткен уақытын және iске қатысты кез келген басқа да мән-жайларды ескере отырып айқындауы мүмкiн. 3. Нақты дауды шешуге арналған аралық сотта аралық судьялар гонорарының мөлшерi тараптардың келісімi бойынша айқындалады, ал ол болмаған кезде - тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот үшiн көзделген тәртiппен нақты дауды шешуге арналған аралық сот айқындайды. 18-бап. Аралық сотта дауды шешуге байланысты шығыстарды бөлу 1. Аралық сотта дауды шешуге байланысты шығыстарды тараптар арасында бөлудi аралық сот тараптардың келісімiне сәйкес, ал ол болмаған кезде - қанағаттандырылған және қабылданбаған талаптарға бара-бар жүргiзедi. 2. Егер келтiрiлген шығыстарды өндiру туралы талап аралық сотта iс қарау барысында мәлiмделген және оны аралық сот қанағаттандырған болса, аралық соттың шешiмi өз пайдасына шешiлген тараптың өкiл көрсеткен қызметтердiң ақысын төлеуге жұмсаған шығыстары, сондай-ақ аралық сотта iс қарауға байланысты өзге де шығыстары аралық соттың шешiмi бойынша басқа тарапқа қатысты болуы мүмкiн. 3. Аралық сотта дауды шешуге байланысты шығыстарды бөлу аралық соттың шешiмiнде немесе ұйғарымында көрсетiледi. 4. Талапкер талап-арыздан бас тартқан жағдайда жауапкер ол шеккен шығыстарды өтемейдi.
4-тарау. Аралық сотта іс қарау 19-бап. Аралық соттың құқықтылығы мәселесiн шешу 1. Аралық сот өзiне шешуге берiлген дауды қарауға өзiнiң құқығы бар немесе жоқ екендiгі туралы мәселенi, соның iшiнде тараптардың бiрi аралық келісім жоқ немесе жарамсыз деген дәлел бойынша аралық сотта iс қарауына қарсы болған жағдайларда, дербес шешедi. 2. Тарап аралық соттың өзiне шешуге берiлген дауды қарауға құқығы жоқ екенi туралы даудың мәнi бойынша өзi алғашқы өтiнiш бергенге дейiн мәлiмдеуге құқылы. 3. Егер аралық сотта iс қарау барысында қаралуы аралық келісімде көзделмеген мәселе аралық сотта iс қараудың нысанасы болса, не ол заңға немесе аралық сотта iс қарау ережелерiне сәйкес аралық сотта iс қараудың нысанасы болуы мүмкiн емес болса, тарап аралық соттың өз құқығын асыра пайдаланғаны туралы мәлiмдеуге құқылы. 4. Аралық сот осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес жасалған мәлiмдеменi қарауға мiндетті. Мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша ұйғарым шығарылады. 5. Егер аралық сот өзiнiң құқықтылығы туралы мәселенi қарау кезiнде аралық соттың дауды қарау құқығы жоқтығы туралы ұйғарым шығарса, онда аралық сот дауды мәнi бойынша қарай алмайды. 20-бап. Аралық сотта iс қарау ережелерiн айқындау 1. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот, егер тараптар аралық сотта iс қараудың басқа ережелерiн қолдану туралы уағдаласпаса, тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiне сәйкес аралық сотта iс қарауды жүзеге асырады. 2. Нақты дауды шешуге арналған аралық сот аралық сотта iс қарауды тараптармен келісілген ережелерге сәйкес жүзеге асырады. 3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес тараптармен келісілген аралық сотта iс қарау ережелерi осы Заңның тараптарға жекелеген мәселелер бойынша уағдаласуға құқық бермейтiн мiндеттi ережелерiне қайшы келе алмайды. Тараптармен келісілмеген, тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың ережелерiнде және осы Заңда айқындалмаған бөлiгiнде, аралық сотта iс қараудың ережелерiн аралық сот айқындайды. 21-бап. Аралық сотта iс қараудың орны 1. Нақты дауды шешуге арналған аралық сотта тараптар өз қалауы бойынша аралық сотта iс қараудың орны туралы келiсуi мүмкiн. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда аралық сот тараптар үшiн қолайлы факторды қоса алғанда, iстiң барлық мән-жайын ескере отырып, нақты дауды шешуге арналған аралық сот аралық сотта iс қараудың орнын айқындайды. |